Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер балалардың не себепті жиі ауыратынын түсіндірді

Ресейлік дәрігер-иммунолог Андрей Продеус балалардың не себепті жиі ауыратынын түсіндірді. Оның айтуынша, жастай баланың иммунитеті қалыптасады. Профессор тиісті жазбасын өзінің блогында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігердің айтуынша, балалар жылына 10 ретке дейін ЖРВИ-мен ауыруы мүмкін. Ал бактериалды пневмония, бактериалды отит, терінің іріңдеуі сынды ауыр дерттермен жылына екі реттен көп ауырмауы керек. 

"Бала енді дүниеге келген кезде стерильді ана жатырынан түрлі микроағзалар мекендейтін ортаға тап болады", - деп түсіндірді педиатр. 

Маманның сөзінше, бірінші жылы ана сүтінің арқасында бала көп ауырмайды. 

"Анасы омырау сүтімен емізгенде балаға қорғаныс береді, ол өзінің антителалары түрінде болады", - деп түсіндірді ол. 

Алайда уақыт өте келе баланың иммунитеті белсенді түрде дамиды. Салдарынан бала жиі ауырады. 

"Дене қызуы, мұрынның бітуі, тамақтың қызаруы - иммундық жүйенің дұрыс реакциясы. Ағзаның микробтарға қарсы тұруға күші бар дегенді білдіреді", - деді ол. 



Иммунологтың айтуынша, әлеуметтік ортада қарым-қатынасқа түсетін адамдар саны көбейген сайын бала бұрынғыдан да жиі ауырады. 

"Сондықтан да бала балабақшаға бара бастағаннан кейін көп ауырады" деген шағымдар көп түседі. Ол қалыпты жағдай, өзі де солай болуы керек", - деді Продеус. 

Ал жасы ұлғая келе балалардың ауыруы азаяды. Алайда мөлшерден тыс ауыратын болса, онда иммунолог дәрігерге көрінген жөн. Ол иммундық статусты тексереді, деп атап өтті маман. 
 

Талқылау