Дариға Назарбаеваның әлі де ақысыз еңбек демалысында екені анықталды
Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева әлі де ақысыз еңбек демалысында. Бұл туралы депутаттың көмекшісі Жанна Ермекова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі zakon.kz-ке сілтеп.

Қазіргі уақытта Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтан қаласында, коронавирустық инфекциядан кейін оңалту курсынан өтуде.
Айта кетейік, Дариға Назарбаеваның демалысқа шыққаны жөнінде ақпарат қаңтар айының ортасында белгілі болды. Онда демалыстың ай соңына дейін жалғасатыны хабарланды.
Бұған дейін БАҚ-та депутаттың коронавирус жұқтырғаны хабарланды.
Сондай-ақ, Дариға Назарбаева 28 қаңтар күні Nur Otan саяси кеңесінің құрамынан шықты.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда