Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың күйеу баласының соңынан "ҚазТрансОйл" бас директорының екі бірдей орынбасары қызметтен босатылды

"ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясы басқармасының құрамында тағы да өзгерістер орын алды. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметіне сәйкес, бас директордың екі бірдей орынбасары - Шыңғыс Сейсекенов пен Данияр Мұхамед-Рахим қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш Досанов. Фото ашық дереккөздерден

"ҚазТрансОйл" директорлар кеңесінің шешімі 2022 жылдың 28 қаңтарында шыққан. 

"Басқарма құрамынан төмендегілер шығарылғанын хабарлады:
- Сейсекенов Ч.М. – бас директордың орынбасары;

- Мұхамед-Рахим Д.Н. – бас директордың орынбасары", – делінген хабарламада.



Осылайша ұлттық компания басқармасында алты адам қалды. Олар: 
Сабит Арынов, Ерболат Меңдібаев, Ален Таңатаров, Жайық Махин, Шара Әділова, Жайдарман Исақов. 

Айта кетейік, қаңтар айының ортасында Димаш Досанов "ҚазТрансОйл" бас директоры қызметінен  босатылды. Досанов –  Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші күйеу баласы, Әлия Назарбаеваның күйеуі. 40 жастағы Досанов ұлттық компанияны 2016 жылдан бастап басқарған. 

Дәл сол кезеңде "QazaqGaz" Ұлттық компаниясының бас директоры қызметінен Қайрат Шәріпбаев қызметінен кетті. Расталмаған ақпарат көзіне сенсек, Шәріпбаев та Елбасы Назарбаевтың күйеу баласы. 

Талқылау