88 жастағы қос зейнеткердің спортзалдағы таныстығы махаббатқа ұласты
Ұлыбританияда 88 жастағы екі зейнеткер спортзалда танысып, күтпеген жерден бір-біріне ғашық болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі discover.swns.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлыбританияда 88 жастағы Барбара Томпсон мен Фред Дженкинс жұбайларынан айырылғаннан кейін жаңа махаббатын тапты. Олар спортзалда танысып, көп ұзамай бір-біріне көңіл білдіре бастаған.
Алғашында Барбара спортзалға құрбысымен бірге барған. Алайда құрбысы жаттығуды тоқтатқан соң, әйел сабаққа жалғыз қатысуды жалғастырған.

Сол кезде Фред оған жаттықтырушы болған.
"Бір-біріміздің жанымызда болғанды ұнататынбыз. Көп күліп, әзілдесетінбіз", – дейді Барбара.
Қазір жұп күн сайын дерлік бірге уақыт өткізеді. Аптасына үш рет фитнес-залға барып, домино мен дартс ойнайды, би билеп, бақша күтеді. Жақында олар алғаш рет бірге демалысқа да барған.
Фредтің айтуынша, 2023 жылы жұбайынан айырылғаннан кейін қайтадан біреуді кездестіремін деп ойламаған. Ал Барбара олардың оқиғасы бақытты болуға ешқашан кеш емес екенін дәлелдейтінін айтады.
"Кейде үмітіңді үзу оңай ғой. Бірақ біз кенеттен жаңа өмірге қол жеткіздік", – дейді ол.
Ерлі-зайыпты болуды жоспарлап отырған жоқ. Олар бөлек тұрады және бірге өткізген уақыттан ләззат ала отырып, әрқайсысы өз үйреншікті өмір салтын сақтағысы келеді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда егде жаста тұрмыс құру туралы оқиғалар әлеуметтік желіде бұған дейін де қызу талқыланған. Мәселен, 2026 жылдың мамырында 69 жастағы қазақстандық әжейдің ұзату тойы көпшіліктің назарын аударды. Ол сүйіктісімен шаңырақ көтеруді елу жыл бойы армандағанын айтқан. Тойда жас жұбайларды лимузинмен алып кетіп, ерекше салтанат ұйымдастырылған. Кадрлар желі қолданушыларын тәнті етіп, көпшілік әжейге бақыт тілеген.