Дариға Назарбаева қаңтар айының соңына дейін демалыста болады
Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева осы жылдың қаңтар айының соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болады, деп хабарлай Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Дариға Назарбаеваның коронавирус инфекциясына шалдығып, үйінде жатқаны хабарланған болатын.
Айта кетері, Дариға Назарбаева биыл 5 қаңтарда болған мәжілістің отырысына да келмеді. Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс депутаттарына жаңа премьер-министрді таныстырып, өзінің кезекті үндеуін жолдаған болатын. Депутат Назарбаева сол отырысқа да қатысқан жоқ.
Мәжілістің жетінші шақырылымында Дариға Назарбаева Nur Otan партиясының тізімі бойынша депутаттық мандатқа ие болды. Ол экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің құрамына кіреді.
Бұған дейін комитет басшысы Альберт Рау Дариға Назарбаеваның еңбек тәртібін бұзбағанын және жұмысқа дәлелді себеппен келмей жүргенін айтқан.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”