Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тимур Құлыбаев "ҚазАзот" компаниясындағы акцияларын сатты

Тимур Құлыбаевтың компаниясы "ҚазАзоттың" акциялары сатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Kazakhstan Petrochemicals ЖШС "ҚазАзот" АҚ акциясының 85 пайызын сатып алған. 

"ҚазАзот" баспасөз қызметі мәліметінше, акция сатып алу бойынша мамандандырылған сауда-саттық 2021 жылы 10 желтоқсанда өткен. Белсенді өтінімдер көлемі 85 000 қарапайым акция болды. Ал берілген өтінімдер бойынша орташа баға 788 858,82 теңге болды.

"Акционерлік қоғамның қарапайым акцияларының 85 пайызын Kazakhstan Petrochemicals сатып алды, 15 пайызы бұрынғы иесі Бахаридин Аблазимовте қалды. Осылайша, өз акцияларын Joint Resources (100 пайызы Тимур Құлыбаевқа тиесілі), Дінмұхамед Ыдырысов пен Ержан Достыбаев сатты", – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, былтыр желтоқсанның аяғында "ҚазАзот" АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Жаңа құрамға сайланғандар: Әбләзімов Б.Н. - директорлар кеңесінің мүшесі, директорлар кеңесінің төрағасы, Аязбаев Р.Р. - директорлар кеңесінің мүшесі, Ісқазиев К.О. - директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, Ибрашев К.Н. - директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, Маулешев А.А. - директорлар кеңесінің мүшесі. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, "ҚазАзот" АҚ директорлар кеңесі бес адамнан құралған.

"ҚазАзот" - аммиак пен аммиак селитрасын өндіруші әрі экспорттаушы. Кәсіпорын Маңғыстау облысында орналасқан.

Joint Resources - инвестициялық қызметпен және активтерді басқарумен айналысатын компания. KASE мәліметі бойынша, компания акциясының 100 пайызы Тимур Құлыбаевқа тиесілі.

Талқылау