Бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімі ұзартылды
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 2021 жылдың ақпанына дейін ұзартылды. Бұл туралы Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Нұр-Cұлтанның тергеу соты Елжан Біртановтың үйқамағын төрт айға дейін ұзартты. Ол ақпан айының соңына дейін үй қамауында болады", - деді Дмитрий Куряченко.
Адвокат бұрынғы денсаулық сақтау министрі "еңсесі түсіп, мойымағаныны" атап өтті.
"Үйқамақта болған соң, қорғаушысы ретінде онымен үйінде жиі кездесемін. Ол ешқандай кінәні сезбейді, батыл шешімдер қабылдауға дайын", - деп қосты Дмитрий Куряченко.
Еске салсақ, Біртанов 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрінің ұсталғаны 3 қарашада белгілі болды. Біртановқа аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі