Қазақстандық әйел көршілерін тұрғындар жиналысындағы фотосын WhatsApp чатында жариялағаны үшін сотқа берді
Астаналық тұрғынның суретін WhatsApp чатында рұқсатсыз жариялаған көршілері 20 мың теңгеден өтемақы төледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астаналық тұрғын үй тұрғындарының жиналысына қатысқан әйел кейін өзінің суреті шамамен 1,5 мың адам бар екі WhatsApp чатында жарияланғанын анықтаған.
Іс Астана қаласының ауданаралық азаматтық істер жөніндегі сотынан аумақтан тыс соттылық тәртібімен Жамбыл облысының Шу аудандық сотына жіберілген. Сот отырысы онлайн форматта өтті.
"Сот мессенджердегі скриншоттарды электрондық дәлел ретінде танып, адамның келісімінсіз оның суретін көп адам қатысатын чатта жариялау құқық бұзушылық ретінде анықтады. Алайда сот чаттағы хабарламаларды өшіру туралы талапты қанағаттандырмады. Себебі белгілі бір уақыт өткеннен кейін хабарламаларды барлық қатысушылардың құрылғысынан техникалық тұрғыда өшіру мүмкін емес", – делінген хабарламада.
Нәтижесінде екі көршіден талапкердің пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 20 мың теңгеден өндірілді.
Ал үшінші жауапкерге қойылған талап оның іске қатыстылығы дәлелденбегендіктен қанағаттандырылмады.
Жамбыл облыстық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін қолдады.
Еске салсақ, осыған дейін Шымкентте әйел көршілердің WhatsApp чатында өзін балағаттағандарды сотқа беріп, ақша өндіріп алғанын жазғанбыз.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады
