Шымкентте әйел көршілердің WhatsApp чатында өзін балағаттағандарды сотқа беріп, ақша өндіріп алды
Шымкент қаласының тұрғыны WhatsApp-тағы көршілердің чатында өзінің және отбасының атына балағат сөздер жазылғанын байқап, көршілерін сотқа берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шымкент қалалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында қала тұрғынының көршілеріне моральдық зиянды өтеу туралы берген талап-арызы бойынша іс қаралды.
"Талап қоюшының айтуынша, жауапкерлер үйдің ортақ WhatsApp чатында оның және отбасының атына қатысты былапыт сөздер қолданған", – делінген сот хабарламасында.
Сотта тараптар медиациялық келісімге келген. Талап қоюшы талап-арызынан бас тартқан, ал жауапкерлер талаптарды мойындап, оған мамыр айының соңына дейін 150 000 теңгеден төлеуге міндеттелді.
Сот бұл келісімді бекітіп, іс жүргізуді тоқтатты, сонымен қатар талап қоюшыға төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында ерлі-зайыпты WhatsApp арқылы ыдыс-аяқ сатып, 112 адамды алдап соққаны туралы жазған едік.
Кинотеатр дәретханасына бармақ болған қазақстандықты билеті болмағаны үшін ішке кіргізбей қойған: Бұл заңды ма?
Заңгер қоғамдық орындардың адам қажеттілігін өтеуіне тыйым салуы заңға қайшы екенін алға тартты
36 миллион теңгеге пәтер алған қазақстандық баспанасына кіре алмай қалды: Бұрынғы иесі ақшаны алаяқтарға беріп қойған
Пәтердің бұрынғы иесі алаяқтарға алданғаннан кейін баспананы босатудан бас тартқан
