Жамбыл облысында ерлі-зайыпты WhatsApp арқылы ыдыс-аяқ сатып, 112 адамды алдап соқты

Жамбыл облысында ерлі-зайыпты жұп WhatsApp мессенджерінде ірі алаяқтық схемасын ұйымдастырғаны үшін сотталды. Олар төмен бағада ыдыс-аяқ сататындарын айтып, адамдардан алдын ала төлем алған. Осылайша адамдардан 50 миллионнан аса ақша алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2024 жылғы желтоқсаннан бастап жұп WhatsApp-та ыдыс-аяқ пен тұрмыстық заттарды нарықтағыдан әлдеқайда төмен бағамен сату туралы хабарландырулар жариялаған.
Алаяқтар бірінші клиенттерге шын өнім жеткізіп, сенім қалыптастырған. Содан кейін олар тапсырысты қабылдап, ақша алған соң міндеттемелерін орындамай, қаражатты өз мақсаттарына жұмсаған.
Олардың отбасылық бизнес әрекеттерінің салдарынан 112 адам зардап шеккен. Жалпы материалдық шығын 51,2 миллион теңгеден асқан.
-
"Кездесеміз" деген қыздарға сенген 45 ер адам ақшасынан айырылды
-
Қазақстанда алаяқ танымал онлайн ойын арқылы балалардан ақша ұрлаған
Сот барысында айыпталушылар өз кінәсін толық мойындап, өкінгендерін жеткізді. Сот екеуін де кінәлі деп танып, нақты мерзімге бас бостандығынан айырды:
- Ер адам: 2 жыл 8 ай бас бостандығынан айырылды.
- Әйелі: 2 жыл 4 ай бас бостандығынан айырылды.
Жамбыл облысының прокуратурасы азаматтарды әлеуметтік желі мен мессенджердегі қатты төмен бағамен ұсынылған жарнамаларға сенбеуге шақырды. Сатып алу кезінде кепілдік беретін ресми құжатты талап ету маңызды.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан