Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен ұялып кеттім": Блогер Бота Миа ашық киімі үшін көптің сынына ұшырады

Бота Миа
Фото: Видеодан скриншот

Көпшілікке Бота Миа лақап атымен танымал блогер Ақбота Нұрақын ашық киімі үшін желі қолданушыларының сынына қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер парақшасында кештердің бірінде түсірілген видеосын жариялаған. Кадрларда оның ойынға қатысып, би билеп жүргені көрінеді. Алайда желі қолданушылары блогердің көңіл күйінен бұрын киіміне назар аударған.

Ақботаның үстінде қысқа топ болған. Ол қолын көтеріп билеген сәттерде киімі одан сайын жоғары көтеріліп, кеуде тұсы ашылып қала жаздаған.

“Ұйықтап қалып, май шаш, макияжсыз, ұтыс алып кеттік”, – деп жазды блогер видеоға.

Желі қолданушылары блогердің киімін тым ашық деп бағалап, оның образына қатысты сын пікірлерін жаудырды.

“Бұдан ұйықтап қалғаның дұрыс еді”, “Дені дұрыс кофта киюге болмады ма? Түсінемін, жассыз, бірақ ашық киімнің де шегі бар”, “Ішіңізден бірдеңе кимедіңіз бе, көрініп қалды ғой”, “Бәрі жақсы, бірақ кофтаны ұзынырақ киюге болатын еді”, “Мен ұялып кеттім”, – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін блогер Бота Миа Қырғызстанға қатысты айтқан “Қырғызстан деген биік пе?” деген сөзі үшін әлеуметтік желіде сынға қалған еді. Көпшілік бұл пікірді көрші елді менсінбеу деп қабылдады. Кейін блогер Қырғызстан халқынан кешірім сұрап, сөзінің қате түсінілгенін айтып, ешкімді ренжітуді мақсат етпегенін мәлімдеді. Сонымен қатар бұған дейін ол шетелдік блогердің контентін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін де дауға қалған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 30 Қыркүйек, 2026 16:42