Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптесіне пышақпен шабуыл жасаған ұшқышты жолаушылар залалсыздандырды: FlyDubai ұшағының бортында не болды

оооооо
Фото: Flightradar24

Дубайдан Тель-Авивке ұшқан Flydubai ұшағы басып алу белгісін беріп, оны күтіп алуға жойғыш ұшақ шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ Иордания үстінен бұрылып, Сауд Арабиясына қарай ұшқан. Бортта 180-ге жуық адам бар. Сондай-ақ ұшақпен байланыс үзіліп, оның өзі ұшуды бақылау сервистерінде көрінбей қалғаны хабарланды. Израиль билігі оқиғаға байланысты шұғыл кеңестер өткізді. 

Уақыт өте келе ұшақ жерге қонғаны анықталды. Мәліметке сәйкес, дабыл сигналының берілуіне ұшақ бортындағы төбелес себеп болуы мүмкін. Ұшақ қонар кезде экипаж алдымен жалпы төтенше жағдайды білдіретін 7700 кодын, кейін заңсыз араласу немесе ұшақты басып алу қаупін білдіретін 7500 кодын жіберген.

Осыдан кейін лайнер қолмен басқару режиміне ауысып, бағытын өзгертіп, Сауд Арабиясына қарай бет алған. Біраз уақыттан соң ұшақпен байланыс үзілген. Оған Бен-Гурион әуежайына қонуға рұқсат берілмеген. Ұшқыштар біраз уақыт Израиль мен Иорданиядағы диспетчерлермен байланысқа шықпаған.

Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақты ешкім басып алмаған. Бұл ұшқыштардың бір-бірімен төбелескені. Бірақ қосымша тергеу әлі де жүргізіледі.

Ұшақ бортында 180 жолаушы болған, олардың шамамен 100-і – Израиль азаматтары.

Ресейлік және украиндық ұшқыш болуы мүмкін

Израильдік Channel12 басылымының мәліметінше, Ресей азаматы ұшақтың бірінші пилоты, ал Украина азаматы сол ұшақтың екінші пилоты болған. Әуе кемесінің командирі ұшу қауіпсіздігіне жауап береді және соңғы шешімдерді қабылдайды, ал екінші ұшқыш ұшақты басқаруға көмектеседі, аспаптарды және диспетчерлермен байланысты бақылайды. Бұл ретте олардың кез келгені рейс кезінде бортты тікелей басқара алады. 

Кей деректерге сүйенсек,  төбелес кезінде ұшқыштардың бірі екіншісін пышақтауға тырысқан. Қақтығысқа израильдік жолаушылар араласып, шабуылдаушыны залалсыздандырып, жағдайды бақылауға алды. Екіншісі бойынша, ұшқыштардың бірі өзін-өзі өлтірмек болған, ал екіншісі оны тоқтатуға тырысқан.

Сондай-ақ израильдік Walla басылымы ұшқыштардың бірі Оман, ал бірі Біріккен Араб Әмірлігінің азаматы болуы мүмкін дейді. Басылымның мәліметінше, ұшқыш ұшу өз-өзіне қол салмақ болған. 

“Бұл психологиялық немесе ұлтшылдық себептерден туындағаны белгісіз. Дереккөзіміз осы оқиғадан кейін экипаж мүшелеріне, сондай-ақ көмек көрсеткен израильдік жолаушыларға алғысын білдірді. Қазіргі уақытта Бас штаб бастығы жағдайды бағалап, әуе компаниясының құтқару ұшағымен бірге Сауд Арабиясына Әскери-әуе күштерінің "Геркулес" және "Самсон" ұшақтарын жіберу мәселесін қарастырып жатыр. Қазіргі кезеңде Сауд Арабиясы Израиль ұшақтарының қонуына рұқсат бермеді және бұл мәселе бойынша келіссөздер жүргізілуіп жатыр”, – деп жазды Walla басылымы.

Еске сала кетейік, Алматы әуежайында FlyArystan әуе компаниясының Алматы – Астана бағытындағы рейсіне отырған жолаушы ұшудан бас тартып, ұшақтан шығып кеткен. Осыдан кейін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Ислам Әден
Сәрсенбі, 30 Қыркүйек, 2026 15:40