Қазақстанның сыртқы қарызы 187,9 миллиард долларға жетті
Қазақстанның сыртқы қарызы 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 187,9 миллиард доллар (81,74 триллион теңге) болды. Бұл туралы Ұлттық банктің деректерінде айтылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банктің мәліметінше, жыл басында сыртқы қарыз көлемі 183,1 миллиард доллар (79,65 трлн теңге) болған. Осылайша, алты айда қарыз 4,8 миллиард долларға (2,09 триллион теңге) өскен. Алайда оның ішкі жиынтық өнімге (ІЖӨ) шаққандағы үлесі 59,9%-дан 56,6%-ға төмендеген. Ұлттық банктің түсіндіруінше, бұған доллармен есептегендегі көлемінің қарызға қарағанда жылдамырақ өсуі себеп болған.
Сыртқы қарыз құрамына мемлекет, банктер мен компаниялардың шетелдік резиденттер алдындағы міндеттемелері кіреді. Қарыздың ең ірі бөлігі 86,2 миллиард доллар (37,50 триллион теңге) немесе шамамен 46%-ы компанияаралық берешекке тиесілі. Оған қазақстандық кәсіпорындардың шетелдік инвесторлар алдындағы міндеттемелері де кіреді.
Ұлттық банк төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаевтың айтуынша, компанияаралық қарыздың едәуір бөлігі Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар есебінен ұзақ мерзімді қаржыландыруды көрсетеді. Бұл қаражат капитал, жабдықтар мен технологияларға салынатын инвестициялармен байланысты.
Ал мемлекеттік сектордың, оның ішінде мемлекеттік басқару органдары мен Ұлттық банктің сыртқы қарызы 18,6 миллиард доллар (8,09 триллион теңге), яғни ішкі жиынтық өнімнің 5,6%-ы болды.
Сонымен қатар Қазақстанның сыртқы активтері, оның ішінде Ұлттық банктің халықаралық резервтері, 130,8 миллиард долларға (56,90 триллион теңге) жетті. Сыртқы міндеттемелерден 112,2 миллиард долларға (48,81 триллион теңге) көп. Ұлттық банк бұған дейін де сыртқы қарызды бағалағанда оның абсолюттік көлемімен қатар, қарыздың ішкі жиынтық өнімге қатынасын ескеру маңызды екенін атап өткен.
Еске сала кетейік, Серік Жұманғарин Қазақстанның мемлекеттік қарызы 40 триллион теңгеге жуықтағанын айтқан. Оның сөзінше, қарыздың ЖІӨ-ге шаққандағы көлемі шамамен 20%, ал белгіленген шекті деңгей – 32%. Мемлекеттік қарыздың шамамен 75%-ы ішкі қарызға тиесілі. Министрдің айтуынша, қарыз қаражаты экономиканың дамуына серпін беретін, өзін ақтайтын жобаларға бағытталуы керек. Оның тиімділігі тек қарыз көлемімен емес, тартылған қаражаттың экономикаға әкелетін нақты қайтарымымен бағалануы тиіс.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
