Қазақстанда автолизингтің жылдық мөлшерлемесіне жаңа шектеулер енгізілді
Қазақстанда жеке тұлғалармен жасалатын автолизинг шарттары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшері белгіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа мөлшерлемелер белгіленген құжатты өнеркәсіп министрлігі бекітті. Қаулыға сәйкес, құны 20 миллион теңгеге дейінгі (қоса алғанда) автокөліктер бойынша мөлшерлеме жылдық 36%-дан аспауы тиіс. Ал құны 20 миллион теңгеден асатын автокөліктер үшін шекті мөлшерлеме 46% болып белгіленді.
- жылдық 36%-ға дейін – автокөліктің құны 20 миллион теңгеге дейін және 20 миллион теңге болса;
- жылдық 46%-ға дейін – автокөліктің құны 20 миллион теңгеден жоғары болса;
- жылдық 35%-ға дейін – лизинг беруші банк болған жағдайда.
Егер лизинг беруші банк болса, мөлшерлеме жылдық 35%-дан аспауы тиіс. Сонымен қатар құжатта клиенттен алынуы мүмкін басқа да төлемдер көрсетілген.
Олардың қатарында өтінімді қарау комиссиясы, бастапқы жарна, міндетті және ерікті сақтандыру, автокөлікті ұстау және жөндеу шығындары, мониторинг жүйелері мен ұрлыққа қарсы құрылғыларды орнату және оларға қызмет көрсету ақысы бар.
Жекелеген жағдайларда клиенттен автокөлікті эвакуациялау және сақтау, оны іздеу және алып қою шығындары, сот орындаушысының қызмет ақысы, сот және нотариус шығындары, сондай-ақ шарт талаптарын бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбы да алынуы мүмкін.
Бұйрық 2026 жылдың 9 қазанында күшіне енеді. Осы күннен бастап автокөліктерді лизингке рәсімдеу басталмақ.
Айта кетейік, Қазақстанда жеке тұлғаларға автокөлікті лизингке алуға рұқсат беру идеясы алғаш рет 2024 жылы пайда болды. Сол кезде жеке тұлғаларға автокөлікті ғана емес, тұрғын үйді де кейін сатып алу мүмкіндігімен ұзақ мерзімді жалға алуға мүмкіндік беретін түзетулер талқыланды.
2025 жылғы қаңтарда мәжіліс тиісті заң жобасын жұмысқа қабылдады. Қаржылық жалдау арқылы мүлікті кейін сатып алу мүмкіндігін кәсіпкерлер мен компаниялар ғана емес, қарапайым азаматтар да пайдалана алады деп болжанған.
Автонесиеден айырмашылығы, лизинг кезінде барлық міндеттеме толық орындалғанға дейін автокөлік лизингтік компанияның меншігінде қалады.
2025 жылдың қарашадасында жеке тұлғаларға арналған автолизинг бағдарламасы 1 желтоқсаннан бастап іске қосылатыны хабарланды.
Алайда бағдарлама іске қосылғаннан кейін толыққанды жұмыс істемеді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде механизмді әлі де жетілдіру қажет екенін түсіндірді. Атап айтқанда, ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды интеграциялау мәселелерін шешу керек болған. Ол кезде бағдарламаны толыққанды іске қосу 2026 жылдың күзіне жоспарланған еді.
"Оңай" картасының ресейлік "Золотая корона" жүйесімен қандай байланысы бар: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
