Түркістан облысында жас отбасы контент түсіремін деп айыппұл алды
Сарыағаш ауданында жас отбасы көілікті жүргізе отырып торт жасап, оны әлеуметтік желіге салған. Полиция департаменті заң бұзушылықтарды анықтап, жас отбасыға айыппұл салды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Сарыағаш ауданында 35 жастағы әйел KIA Ceed көлігінің люгінен басын шығарып, жол-жөнекей торт пісіре бастаған. Бұл кезде көлікті оның 36 жастағы күйеуі басқарған. Күйеуінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, онда оны полицейлер байқап қалған. Көлік пен жүргізушіні тез арада анықтады.
“Тексеру барысында көлікті 36 жастағы ер адам – әйелдің жұбайы басқарғаны, ал 35 жастағы әйел люктен шығып, торт әзірлегені белгілі болды. Жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзған ерлі-зайыптыға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданды”, – деп жазды Полиция департаменті.

Нәтижесінде екеуі де жол қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сөз соңында департамент әлеуметтік желіге контент түсіру кезінде жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды.
Үйі, көлік, несиесі бар адам жәрдемақыдан қағыла ма: Қазақстанда жаңа отбасы санаты қалай анықталады