Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауыр ақпарат": Денсаулық сақтау министрлігі Біртановтың ұсталғанына қатысты түсініктеме берді

Денсаулық сақтау вице-министрі ОКҚ-дағы онлайн брифингте бұрынғы министр Елжан Біртановқа қатысты түсініктеме берді. Ажар Ғиният бұл министрлік қызметкерлері үшін "ауыр ақпарат" екенін айтты.

Біртанов өзінің отставкаға кетуін талап еткен резденттерге: Жауап беруге дайын болыңыз

Журналистер "Елжан Біртановқа қатысты сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен басталған тергеу министрлік үшін тосыннан болды ма?" деп сұрады.

"Өкінішке қарай, әрине, министрлік үшін қиын ақпарат. Құзіретті органдар қазір жұмыс істеп жатыр. Менің ойымша, олар оны анықтайды", - деді Ғиният.

Ол жүргізіліп жатқан тергеу денсаулық сақтау министрлігінің жұмысына қалай әсер еткенін сипаттады.

"Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне қосымша ауыртпалық бар, әрине, тергеу органдары құжаттармен жұмыс істейді және олар бізді жауап алуға шақырады", - деп қосты вице-министр.

Естеріңізге сала кетейік, Елжан Біртановтың сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен қамауға алынғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдары жария етті. Бұл мәселе бойынша ресми түсініктемелер болған жоқ.

Кеше денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы шынымен де қамауға алынды деп жарияланды - ол бюджет қаражатын аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілінді.

Талқылау