AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бала бүкірейіп тұрғанда бетінен тепкен: Шымкентте оқушының аяусыз соққыға жығылған видеосы тарады

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде оқушыны ұрып-соққан видео тарап кетті. Кадрдан екі жігіттің текетіреске түскенін көруге болады. Арты төбелеске ұласқан дау кезінде жасөспірім зардап шекті. Оның анасы кінәлілерді заң бойынша жазалауды талап етіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" арнасына сілтеме жасап. 

Оқиғаға тағы бірнеше бала куә болған. Олардың бірі төбелесті видеоға түсіріп үлгерген. Ақыр соңында оқушылардың бірі соққыдан бүгіліп қалған жігіттің бетінен тепкен.  

Көп ұзамай зардап шеккен баланың анасы байланысқа шықты. Оның айтуынша, оқиға 27 мамыр күні болған. Әйел мұны төбелеске емес, топпен жасалған қастандыққа теңеді. Ұлы алған жарақатының салдарынан ауруханаға түскен. Әйел полицейлерден істің мән-жайын анықтап, кінәлілерді заң бойынша қатаң жазалауды сұрап отыр. 



"Олар менің ұлыма шабуыл жасады. Оларды кешіргім келер еді, бірақ кешірмеймін. Ұлым тіпті қарсылық білдірмеген. Екеуі жабылып соққан. Қазір ауруханада жатыр, жағдайы нашар", – дейді ұлдың анасы. 

Шымкент прокуратурасының хабарлауынша, өтініш аудандық полиция бөлімшесінде қабылданған. Тиісті тексерулер тағайындалды. Істі аудандық прокуратура бақылауға алған. Тергеу жүруде. Тәртіп сақшыларының сөзінше, кінәлі балалардың ата-аналары жауапқа тартылады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр