Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасөспірім қызды басынан ұрған: Желідегі шағымдарға байланысты Алматы облысындағы ауыл мектебінде тексеру жүргізілді

Алматы облысында әлеуметтік желіде жарияланған видеоға байланысты ауыл мектептерінің бірі комиссияның тексеруінен өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

видеодан скриншот

Видеода жасөспірім телефонмен ойнап жүрген қызды басынан ұрады. Оның артында мұны байқамаған мұғалімнің ештеңеге араласпағанын көруге болады. Постта баланың үнемі сыныптасын мазақ ететіні, ал ата-анасы ескертулерді елемейтіні көрсетілген.

"Не Молчи KZ" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі студенттің әрекетіне қатысты пікір білдірді. 

"Біз қандай елде тұрамыз? Күшті, яғни бай, құқығын пайдаланым әлсізге қол жүгірте ала ма? Біз қандай балаларды тәрбиелеп жатырмыз? Мен бұл баланың болашағы “үлкен” болады деп қорқамын. Көп ұзамай осы бетімен түрмеге отырады, себебі ата-анасы оның қылмыстарын ынталандырады. Бәрін сатып алу мүмкін емес, егер қазір ата-анасы оны орнына қоймаса, ол ауыр қылмыс жасайды. Баланың агрессиядан айығуына көмектесіңіздер. Мүмкін оны арнайы мектеп-интернатқа беретін кез келген шығар?" – деп жазады Дина Таңсари.

Жасөспірімнің бұл әрекетіне әлеуметтік желі қолданушылары да ашуланып, облыстық әкімдіктен балаларды қорғау күні қарсаңында мектепте тиісті тексеру ұйымдастыруды талап етті.

Өз кезегінде Алматы облысының білім басқармасы жарияланған жазбаға қатысты пікір білдірді. Белгілі болғандай, оқиға 21 мамырда Еңбекшіқазақ ауданы Винсовхоз ауылындағы орта мектепте болған.

"Мектеп әкімшілігі балалар психологтары және ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесіп ата-аналармен профилактикалық кездесу ұйымдастырды. Баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салынды.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына, сынып жетекшісіне және мектеп психологына тәртіптік жаза қолданылды", – деп хабарлайды облыстық білім басқармасының хатшысы Жанар Юсупова.

Сондай-ақ басқармадағылар білім ошағын жан-жақты тексеру үшін ауыл мектебіне комиссия жіберілгенін атап өтті.

Талқылау