Полицейді боқтап, жұдырық ала жүгірген: Өскеменде келіншек 4 жылға бас бостандығынан шектелді
Өскемен полицейлерді боқтап, жұдырық ала жүгірген келіншек 4 жылға бас бостандығынан шектелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Әйел күйеуін бөлімшеге әкетпек болған полицейлерге қарсы шыққан.
Соты баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері түскен арыз бойынша көрсетілген мекенжайға барып, ер адамды бөлімшеге алып кетпек болған. Сол кезде оның әйелі қарсылық білдіріп, тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған.
Астанада мас жігіт жедел жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуылдаған
"Әйел адам полицейлердің бірінің бетінен, басынан және аяғынан бірнеше рет ұрып, екіншісінің иек тұсына жұдырық сілтеген. Мас күйде болған әйел қызметтік міндетін атқарып жүрген құқық қорғау органы қызметкерлеріне балағат сөздер де айтқан", – делінген ақпаратта.
Сот шешімімен айыпталушының 4 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда полиция қызметкерін көлік қағып, көз жұмғаны туралы жазған едік.