Астанада мас жігіт жедел жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуылдаған
Астанада жігіт жедел жәрдем қызметкеріне шабуылдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Оқиға 1 маусым түнде болған.
Ақпаратты Астана полициясының баспасөз қызметі растады.
Мас жігіт агрессивті болып, келген жедел жәрдем қызметкерлерін балағаттаған. Одан кейін ол фельдшерлердің біріне шабуыл жасап, оны пышақпен қорқытып, өзімен бірге бір бөлмеге қамап тастаған.
Медицина қызметкерлері 102-ге хабарласты.
Полиция жасағы ер адамды ұстап, Алматы аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді. Пышақты тәртіп сақшылары тәркіледі.
Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, 25 жастағы қаскөй мас болған.
"Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп түсіндірді полицейлер.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда ер адам жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққаны туралы жазған едік.
Астанада нөсер жаңбырдан кейін әйелдің 35 миллион теңгелік көлігі жарамсыз болып қалды
Анар Долдырина бұл жағдайға байланысты Астана әкімдігіне өтініш жолдаған
"Пышақты қалтамнан шығарып, Нұрайға сұқтым": Сотталушының тергеушілерге берген куәлігі мен сотта айтқаны сәйкес келмеді
Көлігімен Нұрайдың үйіне өзі барған