Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам ұсталды
Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдікті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Бас прокуратураның мәліметінше, 1 ақпанда Қарағанды облысында жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соқты деген күдікті Нұрболат Нұрымұлы Дәкебаев ұсталды.

Оқиғадан кейін күдікті із-түссіз жоғалып, іздеу жарияланған еді.
"Қазіргі уақытта Дәкебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған жасаған қылмысы үшін берілетін ең жоғары жаза – үш жылға дейін бас бостандығынан айыру", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, 27 қаңтар күні Қарағанды қаласында белгісіз ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққаны туралы жазған едік.
Гарвард пен тоғыз тіл: Желі қолданушылары қазақстандық оқушының жетістіктеріне күмән келтірді
11-сынып оқушысы 9 тілді еркін меңгерген екен
Алматылықтар тұмшаға тұншығып жатқанын айтып, дабыл қақты: Қай ауданның тұрғындары қауіпті аймақта орналасқан
Almaty Air Initiative: "Қолайсыз ауа райы кезінде ластаушы заттар ауада дұрыс таралмай, қала үстінде жиналып қалады"