Блогер Ырысбала өзін жезөкшеге теңеген әйелді тауып алып, кешірім сұратқызды
Танымал блогер Ырысбала Икрамбай өзін жезөкшеге теңеп, намысына тиген әйелді тауып алып, елдің алдында кешірім сұратқызды. Ыңғайсыз жағдай Instagram-да тікелей эфир кезінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шамамен 260 шақырым жер жүріп, өзін ренжіткен әйелдің үйіне жеткен Икрамбай туыстарының алдында оны ұятқа қалдырды. Әйел өз кезегінде Instagram-ға жақында тіркелгенін, Ырысбаланың атынан ашылған фейк-парақшалардың біріне ақша салып, алданып қалғанын айтты. Соған ызаланып, ауыр сөз жазғанын мойындады. Көпшіліктің алдында кешірім сұрады.
Желі қолданушылары блогерді қолдады. Бұл әрекетінің өзгелерге сабақ болатынын атап өтті.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған