AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Дархан Жолшыбеков: Үйленген кезде 18 млн теңге қарызым болды

Танымал блогер, кәсіпкер Дархан Жолшыбеков үйленгенге дейін ақшаның берекесі болмайды деген пікірде. Ол отау құрған кезде басында 18 млн теңге қарызы болғанын мойындады. Алайда отбасын құрған соң, берешегінен 2-3 айдың ішінде құтылған. Онымен қоса, алты айдың ішінде баспаналы болған. Ал бүгінде Дархан бойдақ достарына "тезірек үйленуге" кеңес береді. Бұл туралы Дархан НТК арнасының TABOO бағдарламасында айтты. 

"Үйленген кезде 18 млн теңге қарызым болды. Оны Дари (жұбайы) білмейтін. Бірнеше айда ірі жобалардан тапқан ақшамды салдым. Әйелім ақша түскенде: "Ананы істейік, мынаны істейік", –  дейтін. Менде ақша кетіп қалған, қалай түсіндірерімді білмедім. 

2-3 айдан кейін айттым. Оны жауып болған соң, тағы екі көлігім несиеде деп едім, қатты күлді. Өйткені үйленген кезде бизнесім, төрт көлігім болды. Ол мені бай деп ойлады", – деп бөлісті Дархан.



Жолшыбеков отау құрғанға дейін ақшаны оңды-солды шашқанын мойындады. 

"Ол кезде ештеңе ойламайды екенсің, қарызың болса да жаратасың", – дейді ол.

Айтуынша, қарызынан ертерек құтылып, баспаналы болуына әйелінің ақылы көмектескен. 

"Ол өте қаржылай сауатты адам. Барлығын отырып жазып, маған көрсетті. Мына ақшаны мына қарызға жабасың. Сосын алты айда үй аламыз деп бәрін жазды. Соңында ол уақыттан да ерте мақсатымызға жеттік", – дейді Дархан.

Жолшыбеков үйлену тойына 7-8 млн теңге жұмсағанын айтады. Қыздың қалыңмалы ретінде 1 млн теңге берген. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр