Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүргізуші 5 баланың анасын қағып өлтірді

Батыс Қазақстан облысында 37 жастағы көлік жүргізушісі жол жиегінде тұрған әйелді қағып өлтірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170723220309

Қайтыс болған әйелдің әпкесінің айтуынша, 42 жастағы Айгүл оқиға орынында көз жұмған. Жол-көлік оқиғасынан Айгүлдің қызы да зардап шеккен. Көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізілген 22 жастағы Сандуғашты қазір операцияға дайындап жатыр. Дәрігерлер қыздың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

“Қайтыс болған Айгүл Шалқар қаласында тұрған. Ол жақында Орал қаласына туыстарының үйлену тойына келіпті. Оның артында 5 баласы қалды, ең кішісі 2-де”, – дейді әпкесі.

Ал әйелді қағып өлтірген жүргізуші бұрын құқық қорғау органдарында жұмыс істеген екен. “Ол тіпті кешірім де сұраған жоқ”, – деді Толқын.

Оқи отырыңыз:

ОҚО әкімінің кеңесшісі мен депутат жол апатынан көз жұмды

Алматыдағы жол апатынан тоғыз адам зардап шекті

Қостанай облысында жол апатына тап болған жүкті әйел ішіндегі егіз сәбилерінен айырылды

Қызды құтқарамын деп тоққа түскен жасөспірімнің өміріне кінәлілер табылмай отыр

Талқылау