Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында жол апатына тап болған жүкті әйел ішіндегі егіз сәбилерінен айырылды

Қостанай облысында егіз сәбиге екіқабат келіншек, аса қауіпті жол апатына ұшырап нәрестелерінен айырылды.

IMG_8735-1-640x571-1

Бұл туралы Alau.kz хабарлайды.

Жол апаты Рудный тас жолының бойында болған. Оқиғадан зардап шеккен 45 жастағы әйел облыстық ауруханаға 11 шілде күні түседі. Әйел ол кезде жүктіліктің 26-шы аптасында болған.

“Оның ішінде егіз сәби болған. Әйел адам өте ауыр халде түскендігіне қарамастан, біз оны құтқарып қалдық, бірақ жарақаттары тым ауыр еді. Өкінішке қарай ішіндегі нәрестесін құтқару мүмкін болмады”, – дейді облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Юрий Моисеев.

Еске салсақ, оқиға 11 шілде күні Қостанай-Рудный тас жолында болған. Оқыс оқиға кезінде 2 жүк көлігі мен 2 жеңіл көлік соқтығысып, Shacman көлігін тізгіндеген 30 жастағы ер адам Рудный ауруханасында көз жұмды. Ал Volkswagen көлігінің тізгінінде 36 жастағы ер адам мен салонда 45 жастағы жүкті әйел болған. Оқиға нәтижесінде Audi жүргізушісі 35 жастағы ер адам жараланды.

Оқи отырыңыз:

Қызды құтқарамын деп тоққа түскен жасөспірімнің өміріне кінәлілер табылмай отыр

Астана маңында белгісіз ер адам прокуратура қызметкерін атып, сосын өзіне қол салды

Астанада 7 жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кете жаздады

Астанада қымбат көлікті ұрлап кеткен бойжеткен жол апатына ұшырады

Талқылау