Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз үшін қуанышты жаңалық": Семей тұрғындары Абай облысының құрылуына қатысты пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жаңа облыстар құруды ұсынған еді. Аталған облыстар қатарында Абай облысы да бар. Жаңалықты естіген қала тұрғындары президент бастамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

семей

"Әрине, қуандым. Негізгі облыстардың бірі едік, бір күнде өзгертіп жібергені шымбайыма бататын. Сондықтан бұл біз үшін қуанышты жаңалық болды. Жастар үшін жағдай жақсарады деп сенеміз".

"Бір жылдан кейін дүкендер, жол мен барлығы жақсарады деп сенім артамыз. Қазір де барлығы бар, жұмысшылар, жастар мен қарттар үшін де жаңа орындар ашылғанын қалаймыз".



"Әрине, оң көзқараспен қараймын. ШҚО – өте үлкен облыс. Егер бөлсе, басқару жеңілдей түседі. Екінші себеп – табыстың Семейде қалуы, яғни Өскеменнің өркендеуіне көп қаржы бөлмейтін боламыз. Үшіншіден, тұрғындар жан-жақты қамтамасыз етіледі. Бізде қазір қоғамдық көліктер ең негізге мәселеге айналған. Жұмыс орындары көбейіп, кәсіпорындар ашылады".

"Мұның тек жақсы жақтары бар деп есептеймін. Әзірге кемшілігін көріп тұрған жоқпын. Себебі қазір облыс орталықтарының жылдам дамитынын байқап отырмыз. Бұған дейін Семей облыс орталығы болған, бұл қаланың дамуына септігін тигізетін, енді одан әрі дами түседі деп ойлаймын".

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев елде жаңа облыстар құруды ұсынған еді. Бұл туралы ол Қазақстан халқына жасаған жолдауында айтты. 

Талқылау