Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы екіге бөлінеді - Қапшағайдың аты өзгертіліп, облыс орталығына айналады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында Алматы облысының екіге бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президенттің айтуынша, Алматы және Жетісу облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласында болады. 

"Үшінші мәселе. Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады. Қапшағайда Қонаевтың есімін беруді ұсынса, мен бұл пікірге қосыламын”, – деді Тоқаев. 



Осылайша, Қазақстанда Абай, Ұлытау және Жетісу атты жаңа үш облыс құрылады. 

"Ең алдымен, Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады", - деді Тоқаев. 

Дегенмен президент бұл өңірдегі әлеуметтік жағдай өте күрделі екенін, сондықтан, оны шешу керек екенін атап өтті. 

"Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған", - деді ол. 

Талқылау