Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев үкімет пен әкімдерге жұмыссыздықты азайтуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдерімен жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тоқаев

Ақорданың хабарлауынша, кездесу барысында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды.

Президент үкімет пен әкімдерге әлеуметтік-экономикалық мәселелерді жедел шешу және халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.

Тоқаев Жаңа Қазақстанды құру стратегиясы аясында, саяси реформалардың кезекті пакетін жүзеге асыру аясында бірқатар міндеттер қойды.

Атап айтқанда, әкімдер азаматтармен жұмысты қайта құрып, аудан, ауыл тұрғындарымен жиі кездесулер өткізіп, оларды толғандыратын мәселелерді шешуге, халықтың сенімін арттыруға тиіс. Үкімет пен әкімдіктерге жұмыссыздықты азайту, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жүйелі шаралар қабылдау тапсырылды.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекет басшысы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне Қазақстан халқына бүгінгі Жолдауында қойылған міндеттерді сапалы жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берді.

Талқылау