Бейсен Құранбек: Елордадағы жақсы жұмысымды, үйімді тастап анамның қасына бардым

Рамазан айының соңғы он күнінде тележүргізуші, журналист Бейсен Құранбек өмірден өтті. Қазақ елі жиналып, ақтық сапарға шығарып салды. Өмірден көзі кетсе де, сөзі қалды. Жұрт желіде марқұмның естеліктерін, сұхбаттарын жариялап, әлі де еске алып жатыр. 

Бейсен Құранбек сұхбатының көбінде отбасын негізгі құндылығым деп атаған. Әсіресе, анасын қатты құрметтеді. Өмірін анасымен бірге өткізді. 

"Мен үшін негізгі құндылық – отбасым. Анаммен күнделікті әңгімелесуге уақытым болмай қалды. Әңгімеміз таусылмайды. Ол кісінің шалы туралы айтамыз, шал іздейміз. Соңғы бір жылда анаммен сырласуға, балаларымның тәрбиесіне, сабағына араласуға уақытым болмай кетті. Астанада үш бөлмелі пәтерім, жақсы жұмысым болса да, ауылға көшіп келдім. Себебі, тоқсаннан асқан қарт анам ауылда тұрғысы келеді. Мен үшін анамның жанында болу – бәрінен маңызды. Мен Астанада тұруға талай үлгерермін, ал анаммен бірге өткізетін сәттер шектеулі", - деген екен тележүргізуші жас тілшілерге берген сұхбатында.

Бейсен Құранбек "қандай әкесіз?" деген сұраққа да жауап беріп өткен.

"Екі қызым бар. Үлкені 13-те, кішісі 10 жаста. Баланы жақсы көрдім екен деп, үнемі оның жағдайын жасай берудің қажеті жоқ. Өткенде кішкентай қызым: «Әке, айфоным болса күшті болар еді», – дейді. Мен балаларыма қазір айфон алып бермеймін. Қазір бағасы 10 мың теңгеден аспайтын телефондары бар. Бірақ, сабақ кезінде ешқашан қоспайды. Ұялы телефонның радиациясы балаларға өте зиян. Ғалымдар белсіздіктің 70 пайызы ұялы телефонның салдарынан болатынын айтып отыр. Неге мен ондай зиянды нәрсемен өз баламның денсаулығын құртуым керек?

Балаларыма білім, өнер, кәсіп игеру, адамдармен араласу жағын үйретемін. Қиындықтарға төтеп беретін қайсар етіп тәрбиелеймін. Қыздарыма «1-курс оқып жүргенде тұрмысқа шығасыңдар» деп айтамын.

Баланың миына бағдарламаны ата-аналары жазады. Мысалы, осы жерде отырған екі қыз ғана өзіне көйлек тігіп кие алады екен. Көбі қайшыдан қорқады. Неге? Өйткені, бала кезінде үлкендер: «Қайшыны ұстама, бір жеріңе сұғып аласың», – деп қорқытып қойған. Компьютердің ескі бағдарламасымен жұмыс істей алмайтының сияқты, мидағы бағдарламаны да өшіріп, жаңартып отыру керек", - деді ол.



 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр