Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы өзін өлтірмек болды деп айыпталған күйеуін толықтай кешірді

Баян Мақсатқызы өзін өлтірмек болды деп айыпталып отырған күйеуі Бақытбек Есентаевты толықтай кешірді.

20161019163753

Бұл туралы Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысынан кейін “ҚазАқпарат” тілшісіне берген сұхбатында Баянның қорғаушысы Марат Асқарбеков мәлім етті.

«(Баян Есентаева) күйеуін кешіріп, соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Оған істеген әрекетін үшін басқа жаза беруді өтінді. Бұл Баян Есентаеваның ер азаматқа тән батыл қадамы деп санаймын», – дейді оның адвокаты Марат Асқарбеков.

Оның айтуынша, жәбірленушінің мұндай қадамға баруына екі баласы себеп болуы мүмкін.

Айта кетейік, адвокат Марат Асқарбеков Бақытбек Есентаевтың туған бажасы, яғни Баянның әпкесі Бәтестің жұбайы, танымал актриса, әнші Аша Матайдың әкесі.

Есентаевқа ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлімі, 99-бабының 2-бөлімі 10-тармағы (зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтiруге оқталу) 120-бабының 1-бөлімі (зорлау) 121-бабының 1-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері)  бойынша айып тағылған.

Белгілі  продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызы маусымның 10 күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Оны  өлтірмек болды деген күдікпен өзінің күйеуі Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды. Сондай-ақ қазіргі  таңда Баян бұрынғы тегіне қайта оралған сыңайлы. Ол әлеуметтік желідегі парақшаларына Баян Мақсатқызы деген өзгеріс енгізген.

Маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып, күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасын түсірмек

Ресейлік «Братья Грим» тобының бұрынғы әншісі жынысын ауыстырмақ

Жапония өзі қозғалатын әрі тірі адамнан айнымайтын қыз жасап шығарды (видео)

Білім министрлігі мектепте оқушылардың xиджабпен жүруіне қатысты ұстанымын жариялады

Талқылау