Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаеваға ота 3 сағат бойы жасалды

Баян Есентаева Алматы облысындағы ауруханалардың біріне түсіп, продюсерге үш сағатқа созылған шұғыл ота жасалды.

j5lEMaueojQ_deft

Бұл туралы “Қазақстан жаңалықтары” хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, Есентаева “Алматы-Көкпек-Көктал” трассасының бойында орналасқан жанармай бекетінен Талғар қаласының ауруханасына жеткізілген.

Алматы облысы ІІД фактіге сәйкес сотқа дейінгі тергеу істері басталғанын хабарлады. Күдікті ретінде продюсердің күйеуі ұсталған.

“Адамның денсаулығына қасақана зиян келтіру” 106 бабы бойынша ҚР ҚК тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күдіктіге байланысты сот үкімі шығарылады”, – дейді областық полиция.

Баян Есентаеваға үш сағат бойы ота жасалған. Дәрігерлер оның ауыр халде екенін айтады.

42 жастағы Баян Есентаева Shine Production компаниясының басшысы, тележүргізуші, актриса, әнші әрі журналист. 2006 жылдан бері қазақстандық музыкалық топтардың продюсері болып жүр. 2010 жылы бірнеше телехикаядан бой көрсеткен.

Есентаева жолдасы Бақытбек Есентаевқа 20 жасында тұрмысқа шыққан. Олардың Айсәуле, Айару есімді екі қызы бар. Үлкен қызы 1996 жылы, кіші қызы 2004 жылы дүниеге келген.


Жіберіп алмаңыздар:

Әсел Ақбарова күтпеген жерден Баян Есентаеваны алмастырды

Баян Есентаева жұртқа хан сарайындай үйін көрсетті (видео)

Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)

Баян Есентаева байқау ұйымдастырғанын ұмытып кеткен

Талқылау