Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бауыржан Байбек “Голос. Дети” байқауының жеңімпазы Данэлия Төлешовамен кездесті

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек “Голос. Дети. Украина” шоуының жеңімпазы Данэлия Төлешовамен кездесті.

Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлайды.

Алматы әкімінің жаңа жылдық шыршасында Бауыржан Байбек дарынды бүлдіршінді “Голос. Дети. Украина” шоуындағы жеңісімен құттықтады.

“Әр баланың жетістігі — бұл барша еліміздің жетістігі. Данэлия, барлық қазақстандықтар сен үшін мақтанады. Саған зор табыстар тілеймін, дарынды баладан әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналуыңа тілектеспін. Мен сенің анаң Еленаны да құттықтаймын. Әр бала жеңісінің артында ата — аналардың, әсіресе оның анасының зор еңбегі тұрады”, — деді Бауыржан Байбек.

Бұдан бұрын мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Данэлия Төлешовамен кездесіп, сыйлық табыстаған болатын.

Оқи отырыңыз:

Алматыда әкесі өртеп жіберген қыз қайтыс болды

Белгілі футболшы бутерброд үшін команда құрамынан шығып қалды (видео)

Еліміздегі беделді «OrdaFM» радиосы Төреғалидың барлық әндерін эфирден алып тастады

Меруерт Түсіпбаева қарияға ұрысып, залдан қуған Төреғали Төреәліні сынап тастады

Лемье Головкин мен Сондерстің қайсымен реванш өткізгісі келетінін айтты

Талқылау