Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі беделді «OrdaFM» радиосы Төреғалидың барлық әндерін эфирден алып тастады

Еліміздегі беделді радиоарналардың бірі «OrdaFM» Павлодарда өткен концертінде сахнада тұрып қарияға дөрекілік көрсетіп, залдан қуған Төреғали Төреәілінің әндерін радио эфирінен алып тастады, деп хабарлайды Stan.kz.

Өз концертіне келген көрермендерінің алдында қарияға дөрекілік көрсетіп, залдан қуған Төреғали Төрәлінің барлық әндері «OrdaFM» радиосынан берілмейтін болды. Бұл туралы «OrdaFM» радио жетекшісі Азамат Исаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

««OrdaFM» радиосының жетекшісі ретінде, кеше желіде тараған әнші Төреғали Төреәлінің сахнада көрсеткен «өнерінен» соң, біз радио ұжымы болып әншінің барлық әндерінің эфирден алынып тасталғанын хабарлаймын! Сахнадағы өрескел қылығы үшін концертке келген көрермендерден кешірім сұрауын талап етеміз!”- деп жазды радио жетекшісі Азамат Исаев.

Сонымен қатар Азамат Исаев сахна төрінде ессіз қылық көрсеткен өнер иесінің әндерін насихаттаудан бас тартатынын атап өтті.

«Есті әндердің орындаушысы, xалық алдында саxна төрінде ессіз қылық көрсетіп жатса, онымен қоймай «бұл жалған» деп xалықты алдаса, онда біз де ондай өнер иесінің әндерін насиxаттаудан бас тартамыз. Бұл ұжымдық шешім. Ессіз әрекетке тоқтау болу керек!» – деп жазды Азамат Исаев.

 

Айта кетсек, Төреғали Төреәлінің өзі дау туғызған видеоға қатысты пікір білдірген еді.

Ал әнші Меруерт Түсіпбаева сахна төрінде тұрып, қарияға аузына келгенін айтқан әншіні сынап тастады.

Оқи отырыңыз:

Қазақ жігіті Тиматидің компаниясында үздік қызметкер атанды

Экс-депутаттың зорлығына ұшырадым деген ШҚО тұрғыны халықтан көмек сұрады (видео)

Меруерт Түсіпбаева қарияға ұрысып, залдан қуған Төреғали Төреәліні сынап тастады

Мейрамбек Бесбаев: Керемет әкемін деп айта алмаймын

Өз концертіне келген қарияны қуып шыққан Төреғали Төреәлі елді шулатқан видеоға қатысты жауап берді

Талқылау