Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әкесі өртеп жіберген қыз қайтыс болды

Алматы облысында әкесі өртеп жіберген қыз көз жұмды. Денесінің 90 пайызға жуығын күйік шалған Аружан осыдан үш күн бұрын Іле аудандық ауруханасына түскен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Динара Лұқпанова растады.

«18 жастағы қыз бала бүгін таңертеңгі сағат жетілер шамасында қайтыс болды», – деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Естеріңізге сала кетсек, бұл оқиға Алматы облысында 20 желтоқсан күні болды. Таңғы сағат төрт шамасында Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылында 45 жастағы азамат өзін және екі бірдей баласын өртеп жіберген. Алдын ала болжам бойынша, әйелімен ажырасып кеткен күйеуі бұрынғы отбасына келіп, үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген. Сол сәтте бөлме өртке оранып екі баласы да қызыл жалынның ортасында қалған. 1973 жылғы азамат 12 жастағы  ұлымен  оқиға орнында тілге келместен көз жұмған. Ал 1999 жылғы қыз бала ауыр халде аурухана жеткізілген. 1973 жылғы азаматтың мұндай қадамға не итермелегені белгісіз. Оның 1971 жылғы бұрынғы әйелі дін аман.

Қазір ҚР ҚК 99 бабы 2-ші тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жалғасуда.

Оқи отырыңыз:

Белгілі футболшы бутерброд үшін команда құрамынан шығып қалды (видео)

Еліміздегі беделді «OrdaFM» радиосы Төреғалидың барлық әндерін эфирден алып тастады

Меруерт Түсіпбаева қарияға ұрысып, залдан қуған Төреғали Төреәліні сынап тастады

Лемье Головкин мен Сондерстің қайсымен реванш өткізгісі келетінін айтты

Мәйіт жуғандарға бағалы сый: Қызылордада ағайындары марқұмның денесін жууға таласып шу шығарды
Астанада аялдамаға қазақтарға қатысты балағат сөз жазып кеткен ер адам сотталды

Талқылау