Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық кәсіпкер: Жан жолдасым қайтыс болған соң, оның әйелін тоқал етіп алдым

Қазақстандық кәсіпкер Батыр Сиябек кәсіптің қыр-сырын, бизнестегі адамгершілік қағидаттары мен отбасылық жағдайы туралы сөз қозғады. Ол жан жолдасының әйелін өзіне жар еткен. Жомарт кәсіпкер бағдарлама барысында баспанасыз жүрген әйел мен оның балаларына пәтер беруге уәде етті. 

Бұл туралы “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында айтылды.

Батыр Сиябек қазақстандық кәсіпкер. Қытаймен, Түркиямен бірлесе жұмыс істеп бизнестің көзін тапқан. Бүгінде түрік елінде тұрып жатыр. Екі әйелі бар, он баланың әкесі.

“Шындығында адамның бағы ашылуы ата-анасының разылығында. Мен қандай бизнес жасамайын ең бірінші ата-ананың разылығын алу керек деген ұстанымым бар. Жастарға да, жұмысшыларыма да айтамын. Бизнестің кілті сонда. Не жасамайық адам болу керек. Әділетті болу керек. Берекет сонда болады. Түркия, шындығында, кәсіп жүргізуге өте қолайлы. Ол жақта бір миллион долларға табыс көрсетіп берсең, әлемнің кез келген еліне баратын паспорт береді. Мықты бизнес жоспарың болса, оны үкіметке дәлелдей алсаң, саған қаржыны өздері құйып береді. Сыртқа экспортқа шығарсаң, жарты шығын мемлекет өз мойнына алады. Кәсіпкерлерге жақсы жағдай жасалған, жеңілдік көп”, – дейді кәсіпкер. 

Елдің дамуы үшін ең бірінші кәсіпкерлерге жақсы жағдай жасау керек дейді ол. Бүгінде Батыр Сиябек түрік елінде екі әйелімен тұрып жатыр.



“Екі әйелім бар. Екеуі де Түркияда тұрады. Екінші әйелім жан жолдасымның әйелі. Екеуміз жақсы дос едік. Ол 2009 жылы қайтыс болды. Маған екі баласын аманаттап кетті. Менің әйелімді ал деген жоқ. Ер адамдар олай айта алмайды ғой. Бірақ отбасын аманаттап кетті. Солай оның әйелін екінші әйел қылып алдым. Балаларын өз мойныма алдым. Өз әйеліммен де ұрыс болған жоқ. Менің қандай мақсатпен алып жатқанымды, нәпсі қумағанымды, менің әділдігімді түсінген шығар. Бастапқыда балалар үшін ренжісіп қалып жүретін. Қазір олай емес. Абысындар секілді. Туыстарым да біледі. Бәрімен жақсы араласамыз. Ешкімнен жасырмаймын. Екеуіне де тең қараймын”, – деді ол.

Батыр Сиябек Алматыда пәтер жағалап жүрген жалғыз бсты әйел мен оның балаларына арнап бір пәтер беруге уәде етті. Қиғаш Сандуғаш есімді жалғызбасты әйелдің бір жылдық пәтерақысын төлеп, келесі жылы пәтер алып беруге уәде етті. 

“Алла разы болсын. Берекетін берсін. Үш баламмен қиналып жүрген едім. Бір жарым жаста балам бар. Жұмысқа шыға алмаймын. Күйеуім оңбады. Бізді тастап кете берді. Бізге қарайлап жүрген әкем өмірден өтті. Амалым таусылған соң көмек сұрауға мәжбүр болдым. Рақмет сізге”, – деді көмекке мұқтаж жан. 

Талқылау
Пікір
Жанна
11 Қыр, 21 жыл - 11:36

Мені де үшінші әйелі қылып алыңызшы 😁