Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларына емес, жөндеуге көп ақша жұмсайды: Таразда мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің шатыры ұшып, су ағып жатыр

Таразда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлер апатты жағдайда тұр. Бұл мәселені жергілікті әкімдікте де мойындады, алайда мәселе әлі шешімін таппаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олар кемшіліктерді бюджет қаражаты есебінен жоямыз деп уәде бергенімен, жөндеу жұмыстарын тұрғындар сегізінші жыл күтіп отыр. Осыдан сегіз жыл бұрын әкім қызыл лентаны қиып, мемлекеттік бағдарлама бойынша үйлерді қолдануға бергенде әлеуметтік осал топтар арасында кезекте тұрғандардың қуанышында шек болмады. Көпбалалы аналар, жетімдер мен мүгедектер алғашқы күннен бастап Бәйтерек шағын ауданындағы жаңа пәтерлерін тұрақты түрде су басып отыратынын ол кезде білмеген.

 "Шатырлар ұшып кетті, көршілерінен ақша жинап, жасадық, бірақ оның пайдасы болмады. Қар жауса болды, су ағады", - дейді үйдің тұрғыны Назира Берікбосынова.

Тұрғындар сегіз жылдан бері су ағатын шатырлармен және ғимаратты сыртқы жағындағы мәселелермен арпалысуда. Екі жыл бұрын балкон құлаған. Алайда мамандар құрылыс жұмыстарынан еш кемшілік таппаған.

 "Мұнда екі бөлмелі пәтерде үнемі төбесінен су өтеді. Жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олар жөндеу жұмыстарына көбірек ақша шығара ма, балаларына көп ақша жұмсай ма - белмеймін. Шатыр да, баспалдақ та құлады. Не істеу керектігін және кімге жүгіну керектігін білмейміз", - дейді тұрғын Сандуғаш Төленбекова.



 "Ұят деген үлкен сөз бар. Бұл тек Жамбыл облысында ғана емес, бүкіл Қазақстандағы жағдай. Жаңа үй салынып жатыр, бірнеше айдан кейін тұрғындар оның құрылысының сапасына шағымдана бастайды", - дейді Талған Алшекенов.

Былтыр шенеуніктер бұл мәселені мойындаған. Үйлердің кепілдік мерзімі 2017 жылы аяқталды, сондықтан билік бюджет есебінен үйлердің қасбеттерін ағымдағы жөндеуден өткізуге шешім қабылдады. Ақша бөлінді, бірақ мердігер өз міндеттемелерін орындамағандықтан қазір сот жүріп жатыр. 

Қаланың тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Ғазиз Ералиев шатырлар подъездер үстіне жобаға сәйкес орнатылды, дейді.

"Бірақ бұл жерде дұрыс емес жобалық шешімнің бар екенін көреміз, ал пандусты ғимараттың артқы жағына толығымен өзгерту керек", - дейді ол. 

Талқылау