AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бала емізіп отырған жерінен басына оқ тиген: Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде төрт баланың анасы көз жұмды

Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде көлікте бала емізіп отырған әйелдің басына оқ тиіп көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай мәлімдеді. Оның айтуынша, 5 қаңтарда отбасы ауырып тұрған балаларына дәрі іздеп, көлікпен шыққан. 

“Бүркітбаевтар бір-ақ күнде қара жамылды. 5 қаңтарда қызуы көтеріліп мазасызданған 7 айлық Нұрымға дәрі алуға шыққан отбасы анадан айырылды. 35 жастағы Жанар кішкентайын емізген күйі басына оқ тиіп, мерт болды. Азан-қазан жылаған бала, қанға бөккен бөпе, есеңгіреген отағасы. Сол күйі қаладағы қайын әпкесіне барады. Олар түсінбей, абдырап, жедел жәрдем шақырған, бірақ келмеген. Жарын өздігінен 4-ші ауруханаға апарғанда, “оқ басын тесіп, мидың ішінде қалды, азаматша сол мезетте-ақ жүріп кеткенін” айтқан”, – деп жазды журналист.

Марқұмның жары әйеліне оқ тиген кезде көлікті айдап келе жатқанын айтады.

“Назарбаев көшесімен төмен түсіп келе жатқанбыз. Оқ дауысы естілмеді. Оқ тиген кезде келіншегімнің қолында балам болған. Бір кезде түтін шыға бастады. Артыма қарасам, әйелім қисайып жатып қалыпты. Оқтан қашып, тағы 50 метр төмен түстім. Көлікті тоқтатып, әйелімнің жарақатын қарасам, басына оқ тиіпті”, – дейді Сұлтан есімді ер азамат. 



Ер азамат оқиғаға байланысты іс жүргізіле ме деп көліктегі қанды жумағанын айтады. 

Марқұмның туысы әйел үш баласының көзінше көз жұмғанын айтады. 

“Көлікті ашсам, басы езіліп кеткен. Жанында үш баласы еңіреп отыр. Снайперлік оқ емес, автоматтың оғы екен деп ойладық. Баланың киімі қан-қан. Бірнәрсе болды ма деп шешіндірейін десем, ешнәрсе көрінбейді. Жедел жәрдем шақыртып едік, келмеді”, – дейді марқұмның туысы. 

Гүлмира Әбіқай әйелдің артында төрт баласы қалғанын жазады. Отбасы “времянка” жалдап тұрады екен. Қазіргі таңда журналист отанасынан айырылған жанұяға материалдық  көмек ретінде қаражат жинаудың басталғанын жазады. 

“Alshy” қайырымдылық қорының реквизиттері:

Жеке тұлғалар үшін:
Kaspi Gold: 5169 4971 5129 8662
Kaspi номер: 8778 376 94 66
Kaspi терминал, ИИН: 911 127 402 620
Жанар Е.

Halyk Bank:
5354 5100 2842 4942
8778 376 94 66
Жанар Е.

Заңды тұлғалар үшін:
Компания: ОФ "Alshy"
ИИН/БИН: 211140009151
ИИК: KZ70601A861001853571
КБЕ: 18
Банк: АО "Народный Банк Казахстана"
БИК: HSBKKZKX

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр