Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдар үшінші қабаттан секіріп жатты": Алматы тұрғыны әкімдік маңындағы тәртіпсіздіктер кезінде адамдарды құтқарған

5-6 қаңтарда Алматыда болған қайғылы оқиғалардың ортасында болған Дамир Аманжолов тәртіпсіздіктердің қалай өрбігені туралы Baitassov Live арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тонаушылар қолғаппен және қажетті құралдармен “қаруланған”

Дамирдің айтуынша, ол наразылық білдірушілердің арасында болып, әскерилерді құтқаруға көмектескен және дүкендердің тонауды тоқтатуға тырысқан.

"Қала әкімдігі өртенген кезде мен ол жерге барып, қиындыққа тап болған адамдарға көмектесуім керек екенін түсіндім", – дейді ол.

Ол өзінің әскери адам болғандықтан жағдайдың шын мәнінде қиын болғанын білдім дейді.

Әкімдікке жеткенде ұрыларды көрдім. Олар барлық нәрсені шығарып алып кетуге тырысты", – дейді Дамир.

Дамир жүгіріп ғимаратқа кіргенде, адамдардың мәйіттерін көрген, ал тонаушылар олардың денесін аттап өтіп, сау қалған заттарды алып кетіп жатқан. 

"Мен адамдарды ғимараттан шығара бастадым, өйткені онда өрт болды. Адамдар улы газдан немесе басынан соққы алып естерін жоғалтқан. Мен көмекке шақырдым,  кейбіреулері тонап жатқан жерлерінен маған келді. Біз шығарылғандардың барлығын қалыпқа келтіруге тырыстық", – дейді ол.


"Өз өмірлерімен тәуекел етті": Алматыдағы әуежайға шабуыл жасалған кезде қызметкерлер жолаушыларды құтқарған 


Кәсіпкердің айтуынша, тонаушылар жақсылап дайындалған.

"Адамдар бетперде таққан, көздері көрінбейді. Олар тез әрі жылдам әрекет етті. Қолғап киген. Сонымен қатар оларда барлық қажетті құралдар болды. Ал “Mon Amie” дүкенінің ауласында бірнеше көлік тұрды. Олар алып кеткендердің бәрін көлікке орналастырды", – дейді ол.

Адамдарды өртемек болды

Дамир тәртіпсіздіктер кезінде әскерилерді қалай құтқарғаны туралы айтты. Оқиға куәгері картон мен дизель отынына ұқсайтын сұйықтық бөтелкелерін алып жүрген адамдарды көргенін айтты. Бүлікшілердің сөзіне қарағанда, олар әскери адамарды өлтірмек болған. Тіпті біреулер адамдарды өртейік деп ұсынды. Осыны ести сала мен далаға шығып, өзгелерді көмекке шақырдым. Маған он шақты адам қосылды. Біз бірге қайтадан әкімдіктің жертөлесіне келдік, – дейді Дамир.

“Әкімдік ғимараты өртеніп, кабинеттерде жасырынғандардың бәрін құтқару мүмкін болмады”, – деп еске алады Дамир.

"Мен әкімдікті жүгіріп өтіп, терезелерден адамдарды көрдім. Оларды қалай түсіруге болады деп ойландым. Бірақ ғимарат оған бейімделмеген. Қарапайым өртке қарсы саты жоқ. Үшінші қабаттан адамдар шыршаға секіріп жатты, оның бойымен түсіп, ары қарай мен оларды төменде тосып алдым", – дейді кәсіпкер.

Ол осылайша үш адамды құтқара алғанын айтты.

Дамир Аманжолов өзін батыр деп санамайтынын айтады. Оның сөзінше, ол бар болғаны азаматтық парызын өтеп, туған қаласын қорғауға шыққан.

 

Талқылау