Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өз өмірлерімен тәуекел етті": Алматыдағы әуежайға шабуыл жасалған кезде қызметкерлер жолаушыларды құтқарған

Алматыда бейберекетсіздіктер кезінде Алматы Халықаралық әуежайына бүлікшілер шабуыл жасағанда әуежай қызметкерлері өмірлерін тәуекел етіп, жолаушыларды құтқаруға тырысқан. Оларды қауіпсіз жерге орналастырып, су, тамақпен қамтамасыз еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Facebook-тегі парақшасынан алынды

Әуежайды шабуылдаушылар басып алған кезде жолаушыларды эвакуациялау процесі басталды. Осы кезде нысан қызметкерлері үлкен кәсібилік көрсеткен. Мұны сол жерде болған, оқиғаны көзімен көрген жолаушы айтып берді. Желі қолданушысы Moon Su Kim өз сөзінде оқиғаның өте қорқынышты болғанын, тіпті жолаушылардың үмітсіз қалғанын айтады.

“Asiana Airlines oz577 әуе компаниясының рейсі 5 қаңтарда сағат 19:50-де Алматы әуежайының жолаушылар терминалының ғимаратына экстремистер мен тонаушылар кіргеннен кейін қонды. Барлығы эвакуацияланды, қашты. Біздің борт тұраққа бұрылған кезде, қылмыскерлер перронға еніп, біздің көз алдымызда перрон техникасын иемденіп алды. Жағдай өте қорқынышты еді, бізде үміт болмады. Әсіресе әуе кемесінің бортында қалған жолаушылар мен экипаж үшін”, – дейді желі қолданушысы.

Ол перронда ешкім болмаған кезде жолаушылар қылмыскерлермен бетпе-бет қала отыра өте қауіпті жағдайға түскенін айтады. Осы кезде қызметкерлерден патриотизм мен үлкен рухтың көрінісін, жоғары кәсібилікті байқадым дейді ол.

“Әуежай қызметкерлері жолаушыларды әуежайды толық эвакуациялау кезінде өз бетінше тәуекел етіп құтқарып қалды. Бір көлік пен перрон автобусы ғана қолдарына бола тұра олар OZ577 рейсінің жолаушыларын қауіпсіз жерге алып барып, барлық жағынан қолдау көрсетті, ауыз су, тамақ берді. Қылмыскерлерден жасырынып, басқа ұшақтардағы жолаушыларды эвакуациялауға тырысты”, – деп жазды ол.


Air Astana әуекомпаниясының қызметкері тәртіпсіздіктер кезінде оққа ұшып көз жұмды 


Желі қолданушысы қызметкерлерге алғысын білдіріп, оларды батырлар деп атады. 

“Цой Тимур Тимофеевич сапа бөлімінің менеджері, жүк тиегіш машинисі Макаров Илья, әуежайдың ауысым бастығы Сабитов Фархат, терминалдың ауысым бастығы Нұранбеков Аркин, перрон агенті Ілиясов Тимур, автобус жүргізушісі Амантаев Амангелді, аса маңызды ұшулар жөніндегі вице-президент Супиянов Қанат Берікұлы. Бұл адамдар әскерлер келгенге дейін және толық босатылғанға дейін басқа жолаушыларды эвакуациялауға және құтқаруға қатысты. Олар біздің заманымыздың нағыз батырлары. Азаматтық авиация комитеті олардың адамдарды құтқарудағы маңыздылығын атап өтеді деп үміттенемін”, – деп түйіндеді сөзін ол. 

Талқылау