"Аузым жыртылып, 6 жерден тікті": Ақерке Бүркітбай басынан өткен ауыр хикаясын айтты
Қобызшы, актриса Ақерке Бүркітбай басынан өткен ауыр хикаясымен бөлісті. Ол сноубордтан құлап, аузын зақымдап алған. Оқиғадан бері 2 жыл өтсе де, Ақерке қайта сноубордқа тұрудан қорқады. Тіпті оны былай қойғанда, тауға шығуды қойыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бұрын достарымызбен жаяу тауға жиі шығатынбыз. Әр жексенбі сайын таңғы 5.30-да тұрып, Медеуден Шымбұлаққа дейін жаяу жүретінбіз. Аш қарынға жүріп келіп, таңғы асты тауда ішетінбіз", - деп еске алды Ақерке.
Қобызшы спорттың бұл түрін қатты ұнатып қалған. Қолы қалт етсе, күн-түнге қарамастан, тауға шығуды әдетке айналдырыпты. Хоббиін енді тапқан кезде өнер иесі оңбай құлағанын айтады.
"Басымды көтерген кезде аппақ қар қып-қызыл болып жатыр. Бетімнен сау жер қалмады деп ойладым. Бетпен құладым.
Одан бері 2 жыл өтті, бірақ сол қорқыныш менде қалып қойған. Аузымның іші жыртылып, оны тікті. 6 жерден тікті", - дейді Ақерке.
Ақеркенің басынан өткен бұл жайтты достары ғана білген. Қобызшы бұл туралы тіпті туыстарына айтпапты.
Талқылау

"Денесін күйдіріп, саусағын сындырып, тиын жұтуға мәжбүрлеген": Балқашта ер адам 8 жасар баланы соққыға жықты деп айыпталды
Сөзінше, ер адам біреудің баласын азаптау арқылы өз бетінше жазалаған

"Ішінде тоңазытқыш, массаж орындығы, караоке бар": Қазақстандық автобустан үй жасап, қалаларды аралап жүр
Автобустың ішінде тоңазытқыш, төсек, караоке, синтезатор, шкаф - керек-жарақтың бәрі бар.