"Ауыл" партиясының төрағасы ауысты

"Ауыл" партиясының төрағасы ауысты. 23 маусым күні өткен партияның кезектен тыс съезінде партия төрағасы Серік Егізбаев қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Съезд делегаттары бұған дейін партия төрағасының орынбасары болған Қайрат Айтуғановтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Экс-төраға Серік Егізбаевтың айтуынша, жаңа төрағаның партиялық жұмыста сабақтастықты қамтамасыз етіп, алда тұрған міндеттерді іске асыруды үйлестіруге зор мүмкіндігі бар.
Қайрат Айтуғанов 1962 жылдың 12 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысының Ленинградское ауылында дүниеге келген.
Оқыңыз1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын тәмамдап, ғалым-агроном мамандығын алған.
1990 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы экономикасы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын, ал 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.
Экономика ғылымдарының докторы. Докторлық диссертациясының тақырыбы – "Қазақстанның аграрлық саласындағы интеграцияны дамыту мәселелері". Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.
Еңбек жолы
1979 жылдан бастап Көкшетау поштамтының тасымалдау цехында оператор болып еңбек жолын бастаған.
1984 жылдан бастап Целиноград ауыл шаруашылығы институтының топырақтану кафедрасында ассистент қызметін атқарған.
1987 жылдан бастап Көкшетау облысы Зеренді ауданындағы "Қарабұлақ" совхозында агроном, аға агроном, бас экономист болып жұмыс істеген.
1990 жылдан бастап Қызылту аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі төрағасының экономика мәселелері жөніндегі орынбасары, кейін осы ауданның экономика комитетінің төрағасы болған.
1992 жылдан бастап коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
1996 жылдан бастап Көкшетау облысы әкімдігі аппараты бөлімінің меңгерушісі, Солтүстік Қазақстан облысы экономика басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
1998 жылдан бастап "Ақмола электр желілерін тарату компаниясында" қаржы-экономикалық департамент директоры, қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары болған.
2003 жылдан бастап Қазақстан фермерлер одағының вице-президенті қызметін атқарған.
2005 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің департамент директорының орынбасары, департамент директоры және аппарат басшысы қызметтерінде жұмыс істеген.
2006 жылдан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Дүниежүзілік банк жобасының үйлестірушісі болған.
2007 жылдан бастап "ҰК "ӘКК "Оңтүстік" компаниясында департамент директоры, қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
2009 жылдан бастап "ӘКК "Оңтүстік" басқарма төрағасы болған.
2011 жылдан бастап "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2012 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болған.
2013 жылдан бастап "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін жалғастырған.
2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында "ҚазАгроӨнім" директорлар кеңесін басқарған.
2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі болған.
2017 жылдан бастап Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.
2018 жылдан бастап проректор, ал 2020 жылғы тамыздан бастап С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқарма төрағасы (ректор).
2020 жылдан бастап "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.
Еске салсақ, бұған дейін "Ақ жол" партиясы төрағасы Азат Перуашев қызметінен кетіп, орнына Дәния Еспаева партияның жаңа төрайымы болып сайланған еді.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады