Атырауда туа сала баласын қоқысқа тастаған безбүйрек ананың ісі сотқа жетті
Атырауда туа сала баласын қоқысқа тастаған келіншекке қатысты іс сотқа жетті. Жарық дүние есігін ашпай жатып, қатыгездікке тап болған шарананың анасы мен оның адвокаты сот процесіне журналистердің қатысуына қарсылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.
Шақалақтың анасы - Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының 35 жастағы тұрғыны. Келіншекке дәретханада босанып, нәрестесін қоқыс алаңына лақтырған деп айыа тағылған.
Безбүйрек анаға қылмыстық іс алғашында "Жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу" бабымен тергелді. Қазір "Жаңа туған баланы анасының өлтiру" бабымен қаралып жатыр.
- "Анамды екінші рет көргім келмейді": Алматы облысында көпбалалы ана алты перзентінен бас тартты
- Жеті жасар бала тығылыспақ ойнаймын деп қоқыс бөлшектегіштің ішіне құлап кеткен
Айта кетейік, сот процесі онлайн өтуде, ал айыпталушы ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған.
"Жабық сот отырысында өткізуге", - деп қаулы етіп отыр. Себебі қазіргі таңда сотталушы қарсы болып отыр тілші маманның қатысуына. Себебі отбасылық тұрмыстық жағдайлар кейкілжің алатын мән-жайлар анықталу мүмкін. Сол себепті өзінің жағдайын сотталушы елге жариялағанды қаламай отыр. Сол себепті сот актісін алатын боласыздар", - деді Қызылқоға аудандық сотының судьясы Айдын Байназаров.
Еске салайық, бұл жаға ұстатарлық жағдай биыл қаңтардың 24-і күні болған еді. "Қан кетіп жатыр" деген хабармен жанұшыра жеткен ақ халаттылар әйелдің жас босанғанын анықтаған. 35 жастағы келіншектің күйеуі және кәмелетке толмаған 4 баласы бар. Алайда осы жүктілігінде дәрігерлерде есепке тұрмаған.