Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Анамды екінші рет көргім келмейді": Алматы облысында көпбалалы ана алты перзентінен бас тартты

Жаркентте тұратын бір үйдің балалары көмек сұрайды. Оларды ата-анасы қараусыз тастап кеткен. Баспанасы жоқ, ешқандай жәрдемақы алмайды. Ал бағып-қағып отырған әпкесі қамқорлықты алайын десе, рұқсат жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Дау-дамайсыз" бағдарламасына сілтеп хабарлайды. 

Жаркент қаласының тұрғыны Ақмарал Қасымбекова төрт баламен пәтер жалдап тұрады. Екеуі өз баласы, екеуі інілері. Балаларды жалғыз өзі бағып отырған оның күйеуі қайтыс болып кеткен. 
Екі інісі туған ағайындары емес. Аналары бір болғанмен әкелері бөлек. 

"Бұл екі баланы анасы маған тастап кетті. Бағып отырмын. Әкелері бар. Алматыда жұмыс істейді", - дейді Ақмарал.  

Жандос 14 жаста, Елдос 11-де. Екеуі де Жаркенттегі мектеп-интернатта оқиды. 

"Кейде жаман кездерді ойлап қалсам, жылағым келіп кетеді. Сабаққа барып жүрген кезім. Содан анам үйге көрінген шалдарды әкеле бастады. Мамаға тып-тыныш өмір сүрейік десем, тыңдамай  ішіп кетеді. Әбден жыныма тиетін еді", - дейді әбден тағдыр тауқыметін көрген жеткіншек.

Жоқшылық ерте есейтіп, жігері жасымаған балалар ащы суға құмар шешелеріне өкпесі қара қазандай: 

"Мамамды екінші рет көрмейтіндей болып кеттім. Күнде үйге адамдар әкеп ішкізетін. Бір күндері бізді папам ұрғанда үйден қашып тауға бардық. Таудан әпкем тауып үйіне әкелді", - деген Елдос анасын сағынбағанын, бірақ сағынып келеді деп ойлап жүргенін жасырмады. 

Анаңды көргенде не айтар едің дегенде ол: 

"Ішпе. Ішуді қой. Балаларыңды бақсайшы деп айтар едім. Ішкенін қойса, жақсы болар еді. Баспана болса, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген оңай емес. Көп үйлер суық болды. Әпкеме көп рахмет ол бізді жарты жолда тастамады. Өскенде әпкемді бағып-қағып, үлкен үй салып беремін", - ішіндегі арман-мақсатын айтып қалды.  

Алты бала тауып, алтын алқа алып отырған көпбалалы ана Эльмира Қасымбекова қала сыртында мал бағып күн көреді екен. Балаларыңызға неге көмектеспейсіз деген журналистің сұрағына: 

"Мен қалай көмектесемін? Алтын алқадан алатын 15 мың не болады? Ішіп келіп ұрғанмын. Содан келгісі келмейд маған. Жақсы көрем. Не істей аламын жақсы көргенде. Өзімде жетісіп отырған жоқпын. Ештеңем жоқ. Қазіргі күйеуімінің айлығына қарап отырмын", - дейді безбүйрек ана. 

Ақмарал анасына бірге тұруды бұған дейін де талай айтқан. Бірақ көндіре алмаған. 

"Бармаймын. Бірге тұра алмаймын. Балаларымның бәрінен бас тартамын. Қазір баланы ойлап жүрген жоқпын", - деп Эльмира Қасымбекова соңғы сөзін кесіп айтты. 

Ішіп кетуінің себебін күйеуім ұрып-соғып, тасады деп ақталды. 

"Ренішім бар болғанмен, туған анам болғандықтан жүректегі мейірім әлі бар", - дейді көздері жәутеңдеген балалар.

Қазіргі таңда Эльмира Қасымбекова ана құқығынан бас тартып, Ақмарал Қасмбекова екі інісін өз қамқорлығына алу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеуде. Өз кезегінде әкімдік әлеуметтік жағдайын жақсартып, баспаналы болуға көмектесеміз деп уәдесін беріп отыр. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда қызды қағып кеткен полиция қызметкерін бейнеге түсірген блогерге ескерту жасалды

Айболат Бөкенов полицейлердің айыптауымен келіспейтінін айтты

Ділназ Ахмадиева: Бұл сәбиді мен ғана емес, бүкіл Қазақстан күткен сияқты

Әнші сәбиінің жынысын анықтай алмай жүргенін айтты

Ақтөбеде анасымен бірге оңалту орталығына барған мүгедек оқушы үйіне жүкті болып қайтты

Қала мектептерінде үш оқушы қыз жүкті болып қалған

Диета мен жаттығуға бас қатырмасаңыз болады: Ғалымдар арықтаудың ең оңай жолын тапты

Эксперимент жүргізуге 12 апта жұмсалды

Көпбалалы отбасыға 20 мың беремін деген Гүлнәз Жоланова уәдесін ұмытып кеткен

Мұхит Сапарбаев артынша қуып жүріп 10 мың теңге алғанын айтты

"Сен ешкімге керек емессің!": Күйеуі 15 жасында тұрмысқа шыққан әйелінің мұрны мен қабырғасын сындырып жіберген

Қазір "Олимптің" басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр

Жұмыссыз қалған қазақстандық әйелін ұрып, ішіндегі баласын түсіріп тастады

Күйеуі ауруханаға түскен әйелін бір де бір рет іздеп келмеген

Баландин АҚШ-тағы олимпиададан алтын алды

Ал екінші және үшінші орын АҚШ спортшыларына бұйырды

Бауыржан Есебаев: Маған әнім үшін төсек қатынасын ұсынған қыздар көп болды

Алайда сазгер бұл ұсыныстардың бәрінен бас тартқанын айтады

Көлік 16 метрге дейін сүйреді: Мүгедек болып қалған әйел кінәлі жүргізушінің тайраңдап жүргенін айтты

Ер адам ақшаны еміңізге берейін деп көлікті тұрақтан шығартып, кейін ғайып болған
Çàãðóçêà...