Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеті жасар бала тығылыспақ ойнаймын деп қоқыс бөлшектегіштің ішіне құлап кеткен

Америкадағы Флорида штатының Тампа Бей қаласында жеті жасар бала тығылыспақ ойынын ойнаймын деп жазым бола жаздаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ойнап жүріп қоқыс жәшігінің ішіне кіріп алған баланы қоқыс машинасы көтеріп алып кеткен.

Осылайша, бала қоқысты бөлшектейтін құрылғының ішінде қалып қалған.

"Мені көтеріп, картоп пюресі жасайтын жерге тастады. Саудам бітті деп ойладым", - дейді бала есіне алып.


Ер адам итін құтқарамын деп мерт болды 


Бала қоқыс машинасының жүргізішісінің арқасында аман қалған. Ол жүк тиеуді бақылап, бактан бір нәрсенің құлағанын байқады, содан кейін басқышты дереу тоқтатып, машинаның корпусын тексере бастады. Баланы байқаған жүргізуші құтқару қызметіне қоңырау шалып, оны басқыштан шығартып алған.

Талқылау