Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанаға Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері келді

Мирзеев пен Рахмон
Фото: akorda.kz

Астанаға Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері ұшып келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайынан қарсы алды.

Тоқаев пен Рахмон
Фото: akorda.kz

Сонымен қатар Астанаға Ақаба процесінің саммитіне қатысу үшін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев та ұшып келді.

 Айта кетейік, 6 қараша күні Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді. Ақаба процесі – 2015 жылы Иордания королі ІІ Абдалла бастамашы болған халықаралық бастама. Оның басты мақсаты – терроризмге, экстремизмге және трансұлттық қылмысқа қарсы күресте мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі Абдалла бен әл-Хусейнді әуежайдан күтіп алғаны туралы жазған едік. Артынша Тоқаев Иордания Королі II Абдалланы Al-Farabi орденімен марапаттады. Өз кезегінде Король II Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевты Иордан Хашимит Корольдігінің жоғары мемлекеттік наградасы – al-Hussain ibn Ali орденімен марапаттады.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 05 Қараша, 2026 20:54