Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада үйі өртеніп кеткен көп балалы әкеге 2,5 миллион теңге беріледі

Құрылыс компаниясының қызметкерлері көп пәтерлі үйдегі өрттен зардап шеккен ер адамға 2 миллион теңгеден аса ақша бермек, – деп хабарлайды Stan.kz.

Куәгерлердің сөзінше, төрт баланың әкесі Жәнібек Мәмбетов көмекке мұқтаж.

««Лазурный квартал» ТК пәтерлерінің бірінде болған өрт ешкімді бей-жай қалдырмады. Көршілері, басқа кешендердің тұрғындары, компаниялар зардап шеккендерге көмек беруде. BI Group қызметкерлері ақша жинап, өз қолына табыстамақ. Қазіргі уақытта компанияның бір бөлімінің қызметкерлері ғана 2,5 миллион теңгеден аса ақша жинады», – деп жазды желіде Самат Искаков.

Ысқақовтың сөзінше, қала тұрғындары өрттен зардап шеккендерге киім-кешек, ойыншық және ақша әкеліп жатыр екен.

29 қараша күні Астанадағы «Лазурный квартал» тұрғын үй кешенінде орын алған өрттен өрт сөндірушілер мен құрылыс компаниясының қызметкерлері 2 баланы құтқарып қалды. Оныншы қабаттағы пәтердің жатын бөлмесіндегі заттар өртеніп жатқан екен.

Оқи отырыңыз:

Алматыда кардиолог дәрігер мұқтаждарға арналған тегін дүкен ашты

Техникалық ақау салдарынан Kcell абоненттерінің шотындағы ақша жоғалып кетті

Алматыда Назарбаев көшесінде үлкен ту жайылды (видео)

Шымкентте оқушылар Тұңғыш Президент күнінде флешмоб ұйымдастырды

Талқылау