Каспийдегі қайғылы оқиға кезінде Әскери-теңіз күштерін басқарған Қанат Ниязбеков туралы не белгілі
Ақтаудағы 14 сарбаздың қазасынан кейін, бүгін Қазақстан Әскери-күштерінің қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Сот оның қамауға алынуына санкция берді. Жалпы Қанат Ниязбеков деген кім? Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Осы демалыс күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаға байланысты 3 лауазымды тұлғаны орнынан босатқан еді. Оның ішінде бүгінгі қозғайтын адамымыз да бар.
Тоқаев кімдерді алып тастады:
- Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров
- Алмаз Дженишевич Джумакеев
- Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков
Қанат Ниязбеков деген кім?
Ниязбеков Семей облысында (Қазіргі Абай облысы) Аягөз ауданында дүниеге келген. Кейін Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернатын, Калининград жоғары әскери-теңіз училищесін (Ф.Ф. Ушаков атындағы Балтық әскери-теңіз институтын) және 2010 жылы Санкт-Петербургтегі Н.Г. Кузнецов атындағы Әскери-теңіз академиясын бітірген.
2016 жылы 1-ші дәрежелі капитан әскери атағын алған. Әскери қызметін ҰҚК Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінде күзет кемесі командирінің көмекшісі болып бастаған. Кейін Әскери-теңіз күштері Бас штабының бастығы – Бас қолбасшының бірінші орынбасары қызметіне дейін көтерілген
Ол осы қызметте жүрген кезінде ірі әскери жаттығуларды ұйымдастыруға қатысқан. Мәселен, 2025 жылдың көктемінде әзербайжандық әскери қызметшілермен бірге "Каспий самалы – 2025" оқу-жаттығуын ұйымдастырып, апатқа ұшыраған кемелерге, су көліктері мен әуе кемелеріне көмек көрсету бойынша іс-қимылдарды пысықтауға қатысты.
2025 жылдың тамызында Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Ниязбеков Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.
Каспийдегі азап пен қолбасшының түсініксіз пікірі
2026 жылғы 22 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі "Хазар қорғаны-2026" оқу-жаттығуының басталғанын жариялады. Оқу-жаттығуға Қанат Ниязбеков жетекшілік етті. Оған 500-ден астам әскери қызметші, әскери кемелер мен жағалау бөлімшелері, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметі мен Әуе қорғанысы күштерінің бөлімдері қатысты.
Сол кезде Ниязбеков былай деген еді:
“Бұл оқу-жаттығу Әскери-теңіз күштерінің жоғары жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі. Ол командирлердің практикалық даярлығын және жеке құрамның теңіздегі машығын арттыруға, сондай-ақ ұрыс қимылдарын ұйымдастыру кезінде басқару органдарының өзара үйлесімділігін жетілдіруге бағытталған”, – деп түсіндірген бірінші дәрежелі капитан.
24 қыркүйек күні Каспий теңізінде 14 сарбаз жан тапсырды. Мұқым халыққа мәлім болған ақпаратқа сәйкес, ауа райының нашарлауы – жас жігіттердің жанын жалмап кетті. Ауа райына қарамастан оқу-жаттығу жұмыстарын жалғастыру салдарынан 17 сарбаз суға кетіп, оның тек қана 3 сарбазын ғана аман шықты.
Әскери-күштерінің қолбасшысы болған Қанат Ниязбеков трагедияға себеп – ауа райының қолайсыздығы мен толқындардың күшеюуі екенін мәлімдеді. Ал журналистердің оқу-жаттығу жұмыстары болар алдын ауа райының қолайсыздығы ескерілетіні жайлы сұрағанда, Ниязбеков “жалпы ескеріледі” деп қысқа ғана жауап қайтарды.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ашық Ниязбеков
Осыдан 6 ай бұрын Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері күніне орай 24KZ телеарнасында әріптестеріміз Қанат Ниязбековпен сұхбат жүргізген.
Айтуынша, әскери-теңіз күштерін Оңтүстік Корея, Германия, Түркия, Әзербайжан, Ресей Федерациясы және басқа да шет елдерде дайындап жатыр.
“Теңізшілер – бұл романтика. Біз өз кадрларымызды әртүрлі жоғары оқу орындарында даярлаймыз. Бірінші кезекте біз еліміздің жоғары оқу орындарында дайындаймыз, Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтының базасында бізде әскери-теңіз кафедрасы бар”, – деп мәлімдеді Қанат Низбеков.
Өз сөзінде Ниязбеков Әскери-теңіз күштерін дамытудың басымдықтары туралы да айтты. Олардың қатарында ол кадрларды даярлау, Әскери-теңіз күштерін дамыту және Қазақстанның Каспий теңізіндегі теңіз шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін атады.
Сонымен қатар Қазақстан Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған Ниязбеков онлайн брифингтерге де қатысқан.
Брифингтердің бірінде әскери қызметшілерді даярлау туралы айтқан Ниязбеков дайындық жұмыстары Әскери-теңіз күштерінің оқу орталығында басталатынын атап өтті. Онда әскери қызметшілер теориялық және практикалық дайындықтан өтеді. Оның ішінде кеменің өміршеңдігі үшін күрес бойынша жаттығулар да бар.
"Алдымен жауынгерлік дайындық құрлықта жүргізіледі. Әскери-теңіз күштерінің құрамында оқу орталығы бар. Онда барлық практикалық іс-қимылдар пысықталып, теориялық білім беріледі. Оқу орталығында кеменің өміршеңдігі үшін күрес бойынша жаттығу станциялары бар. Онда кемеде қызмет ететін әскери қызметшілер дайындықтан өтеді", – деді Ниязбеков.
Оның айтуынша, кейін бұл дағдылар тікелей кемелерде және теңіздегі оқу-жаттығулар кезінде пысықталады. 2026 жылғы 22 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі "Хазар қорғаны-2026" оқу-жаттығуының басталғанын жариялады. Маневрлерге Қанат Ниязбеков жетекшілік етті. Оқу-жаттығуға 500-ден астам әскери қызметші, әскери кемелер мен жағалау бөлімшелері, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметі мен Әуе қорғанысы күштері қатысты.
"Бұл оқу-жаттығу Әскери-теңіз күштерінің жоғары жауынгерлік әзірлігін сақтаудың маңызды бөлігі. Ол командирлердің практикалық даярлығын және жеке құрамның теңізде қызмет ету машығын арттыруға, сондай-ақ ұрыс қимылдарын ұйымдастыру кезінде басқару органдарының өзара іс-қимылын жетілдіруге бағытталған", – деп мәлімдеді Ниязбеков.
Ол кезде Ниязбековтің әскери атағы 1-рангтағы капитан болған.
Еске сала берейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады. Кездесуде Қорғаныс министрлігінің бюджеті қайда және қаншалықты тиімді жұмсалып жатқаны талқыланды. Тексерудің бірінші кезеңінде бірқатар заң бұзушылық анықталды. Соның негізінде мемлекет мүлкін жымқыру, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және Қорғаныс министрлігіне қарасты ұйымдардағы басқа да заң бұзушылықтар бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды.