Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі газ құю бекетіндегі жарылыстан тірідей жанып кеткен анасы мен оның екі баласы екені белгілі болды

жанармай бекетіндегі жарылыс
Фото: Видеодан скриншот

19 маусым Ақтөбедегі жанармай құю бекетінде Honda көлігі өртенді. Өртенген көліктің ішінен үш адамның денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өрт шыққан бойда өрт сөндірушілер оқиға орнына тез жетті. Дегенмен оларды аман алып қалу мүмкін болмады.

Олардың барлығы қала маңындағы Сазды ауылының тұрғындары екені анықталды. Қайтыс болғандар – анасы және оның 10 және 6 жасар баласы екен.

Бір зардап шегушінің денесінің жоғарғы бөлігін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. 54 жастағы ер адам есін жиып, ем қабылдап жатыр.

Еске салайық, 19 маусым күні Ақтөбеде автогаз құю станциясында көлік өртеніп, үш адам қаза тапқан еді.

Өрт хабарлама түскеннен кейін 8 минут өткен соң, сағат 23:03-те толықтай сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалынның автогаз құю станциясының нысандарына таралуына жол бермеді. 

Өртті сөндіру барысында автокөлік салонынан үш адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі – кәмелетке толмағандар. Бір зардап шеккен адам медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 22 Маусым, 2026 16:12