Ақтөбедегі жанармай бекетіндегі үш адамның өлімі: Автогаз станциясының иесі ұсталды
Ақтөбеде көлік өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапқан автогаз құю станциясының иесі ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция қазір бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Оқиға салдарынан әйел және екі кәмелетке толмаған бала қаза болды. Аталған дерек Қылмыстық кодексінің 281-бабы ("Жарылыс қаупі бар нысандардағы қауіпсіздік ережелерін бұзу") бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Автогаз құю станциясының иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері болған жағдайдың барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Тергеу барысы Ақтөбе облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", – деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаменті.
Еске салсақ, Ақтөбеде автогаз құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам қаза тапқан еді.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
