"Қазцинк" зауытындағы жарылысқа кім кінәлі: Еңбек министрлігі мән-жайды айтты

Еңбек министрлігі Өскемендегі “Қазцинк” зауытындағы жарылысқа кімнің кінәлі екенін анықтап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік мәліметінше, “Қазцинк” кәсіпорны “жоғары қауіпті нысандар” қатарына жатады. Сондықтан онда еңбек жағдайы мен өндірістік қауіпсіздік тұрақты түрде тексеріліп отырады дейді.
Еңбек вице-министрі Ерлан Тұяқбаев ірі кәсіпорындарда профилактикалық бақылау жыл сайын жүргізілетінін айтты. Оның сөзінше, “Қазцинк” зауытында тексеріс өткен және оның алдындағы жылдары да жүргізілген.
Оқыңыз“Алайда берілген нұсқамалардың барлығы уақытында орындалды. Менің білуімше, ешқандай айыппұл салынбаған. Бірақ осы жағдайға байланысты тергеу-жедел тобы құрылды. Оқиға орнына мемлекеттік еңбек инспекциясы мен Төтенше жағдай қызметінің мамандары барды. Қазір нақты себеп пен кінәлі тарапты анықтап жатырмыз”, – деді ол.
Жуырдағы төтенше жағдайдан кейін кәсіпорында арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Қазір оқиға орнында еңбек инспекторлары мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.
Билік жарылыстың бірнеше ықтимал себебін қарастырып отыр:
- қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы;
- қызметкерлерге нұсқаулықтың жеткіліксіз жүргізілмеуі;
- техникалық ақау;
- ескірген жабдықтардың қолданылуы.
Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде зауытта жарылыс болып, құтқарушылар зардап шеккендерді іздеп жатқанын хабарлаған едік. Кейін үш адам қаза хабарланды. Компания қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Оған қоса оқиға орнынан ауруханаға бес адам жеткізілді, олардың үшеуі тексерістен кейін жеңіл жарақаттармен үйлеріне жіберілген. Тағы екі адам өте ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған.
Элиталық мектеп оқушысының "Қазақстан тарихы оқытылмайды" деген сөзі шындыққа жанаспайды – Оқу-ағарту министрлігі